Дүниежүзілік энергетика нарығындағы жаһандық өзгерістер, энергияға деген сұраныстың географиясы мен құрылымының, мұнай бағасының өзгеруі XII KAZENERGY Еуразиялық Форумының ашылу шеңберінде негізгі тақырыптарға айналды

Дүниежүзілік энергетика нарығындағы жаһандық өзгерістер, энергияға деген сұраныстың географиясы мен құрылымының, мұнай бағасының өзгеруі XII KAZENERGY Еуразиялық Форумының ашылу шеңберінде негізгі тақырыптарға айналды
Нұр-Султан қаласы
2019 жылғы 26 қыркүйек

2019 жылғы 26 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Конгресс орталығында «Энергия көздерінің болашағы: инновациялық даму» атты тақырыпта KAZENERGY XII Еуразиялық форумының ашылуы өтті. Аталған іс-шара осы аптада Қазақстан елордасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен KAZENERGY қауымдастығы өткізіп жатқан KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019 (KEW) басты халықаралық оқиғасы болып табылады.

1.jpg

Форум дәстүрлі түрде пленарлық сессиямен ашылды. Оның негізгі спикерлерінің қатарында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин, ОПЕК Бас хатшысы Мохаммед Баркиндо, «Самұрық-Қазына» ҮӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Исландия президенті (1996-2016 жж..) Оулавюр Рагнар Гримссон болды.

2.jpg

3.jpg


Пленарлық сессия барысында айтылған негізгі мәселелер – нарықтағы жаһандық өзгерістер жағдайларында тұрақты энергетикаға көшу, көбінесе, дәстүрлі шикізат көздері – мұнай мен газдың есебінен бүкіл дүниежүзінде энергияға деген өсіп келе жатқан сұраныс, қолда бар энергия ресурстарын дамыту және жаңа көздерін іздеу, сондай-ақ оларды тұтынушыларға тұрақты жеткізу мүмкіндіктері.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин айтқандай, қазіргі уақытта дүниежүзілік энергетикалық нарықтың барлық қатысушылары сын-тегеуріндерден өтуі үшін барлық жаһандық күштерін біріктіру қажет. «Қазақстан болашақ рецессия қатерлеріне байланысты энергетикалық нарық пен жаһандық экономиканың тұрақтылығы мен болжамдығын қолдау қажет, - деп атап өтті ол. – Бүгін KAZENERGY қауымдастығы конструктивті диалог жасау үшін тамаша мүмкіндік берді және осында индустрия мен халықаралық қоғамның ең үздік өкілдерін жинады». ҚР Үкіметінің басшысы энергетикалық жеткізілімдердің тұрақтылығы мен болжамдығының арқасында Қазақстан өңірлік көшбасшыға айналып келе жатқанын атап өтті.

4.jpg

А.Маминнің айтуынша, Қазақстан жыл сайын мұнай мен газ өндіруді арттыруда. «Біздің өндіруіміз мұнай-химия, мұнайды қайта өндіру индустриясын одан әрі дамыту үшін басты факторға айналды», - деп, атап көрсетті. Сонымен қатар Премьер-министр отандық мұнайды қайта өңдеу зауыттарының қуаттылығы айтарлықтай артқандығын да атап өтті.

Сонымен бірге А.Мамин қаржы және экономикалық нарықтардың ірі күйзелістері Қазақстанды жаңартылатын энергия көздеріне назар аудартып, инфрақұрылымды осы секторда инновацияларды енгізуге дайындауға мәжбүрлейтіндігін де айтты.

Пленарлық сессияда ОПЕК бас хатшысы Мохаммед Баркиндо: «соңғы бірнеше айда жаһандық мұнай нарығы белгісіздікке толы болды», ол дүниежүзіндегі ең ірі өндіруші Сауд Арабияның энергия объектілеріне соңғы кездегі шабуылдарымен шиелене түсті. Ол нәтижесінде, мұнай бағасы 7% астамға көтерілгендігін еске түсірді. «Бұл соңғы 30 жыл ішіндегі ең ірі құбылмалылық », - деп атап өтіп, ол Корольдік өндірісін «тез арада» қалпына келтіретіндігіне сенім білдірді. Кейін, баспасөз конференциясында ОПЕК бас хатышсы Сауд Арабиясы шабуылдар салдарынан өз өндірісінің 50% жоғалтқандығын айтты. Дүниежүзілік энергия нарығын есеңгіреткен осы оқиға мұнай өндірушілерін өз қауіпсіздік бағдарламаларын қайта қарауға мәжбүрледі.

5.jpg

М.Баркиндо мұнай мен газ 2040 жылға дейін энергоресурстар құрылымында айтарлықтай орын алатындығын айтты. Оның айтуы бойыншағ ұзақ мерзімді перспективада ОПЕК мұнайға деген сұраныстың артуын күтеді. Бұл ретте Қазақстан өз міндеттемелерін ОПЕК және ОПЕК+ елдерінің келісімдері шеңберінде орындайтын болады. «біз жаңа ғана Қазақстанның Премьер-Министрі асқар Маминмен нәтижелі кездесу өткіздік. Жоғары мәртебелі Қазақстан ОПЕК-тің мүшелері және оған мүшес еместер арасында кооперация туралы декларацияда көшбасшылық рөл атқаратындығын растады», - деп атап өтті М.Баркиндо.

Пленарлық сессиядан кейін өткен «Мұнай болашағы: шынайылық пен болжамдар» тақырыбындағы интерактивті дискуссияда Қазақстанның ОПЕК және ОПЕК+ келісімін сақтау туралы ниеті жөнінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев та сөз етті.

«Біз, жауапты әріптес ретінде, өз міндеттемелерімізді орындатын боламыз және осы мәміленің соңына дейін әріптестерімізге кепіл берген дәлізде қаламыз», - деп атап көрсетті министр. – «Осы мәміле осы немесе өзге сипатта одан жалғасатындығына үміттенеміз, себебі бұл тарихта алғаш рет болған өте дұрыс бастама», - деді К.Бозымбаев.

ОПЕК Бас хатышысы М.Баркиндо, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев, ЭксонМобил Апстрим Ойл энд Газ аға вице-президенті Том Шуслер, Тоталь Барлау және Өндіру, Каспий және Оңтүстік Еуропа бойынша вице-президенті Уильям Харвуд және басқа да спикерлер қатысқан интерактивті дискуссия Форум қатысушылары тарапынан үлкен қызығушылықты тудырды.

6.jpg

KAZENERGY қауымдастығы 2006 жылдан бастап өткізіп келе жатқан осы іс-шара Каспий және Орталық Азия өңірлеріндегі энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасын білдіреді. KAZENERGY форумы дүниежүзілік елдер үкіметтерінің, халықаралық энергетикалық ұйымдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, қазақстандық және шетел энергетикалық сектор компанияларының, зерттеу институттары мен консалтингтік агенттіктердің қызығушылығын туғыздырады. Жыл сайын оған дүниежүзінің 50-ден астам елдегі 300-ден астам компанияның 2,5 мыңнан астам делегаты қатысады. Көптеген жылдар бойы беделді саяси фигуралар, дүниежүзілік аттаққа ие сарапшылар Форум қонақтары болды, бұл іс-шараның жоғары беделін көрсетеді.

7.jpg

Комментарий