top
top
Жаңалықтар

Дарынды жастар елорданы Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған суреттерімен таң қалдырды

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Жастар-Энергия-Болашақ» атты шығармашылық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және Kazakhstan Energy Week шеңберінде Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Жастар жылына және Қазақстан мұнайының 120 жылдығына байланысты «KAZENERGY» қауымдастығы ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясымен бірлесіп, Қазақстанның барлық өңірлерінен 14-18 жас аралығындағы жас суретшілер үшін «Жастар-Энергия-Болашақ» атты шығармашылық конкурс жариялады.

Конкурстың мақсаты:
• Қазақстан мұнайының 120 жылдығын және Жастар жылын атап өту шеңберінде шығармашылық тарапынан өзін-өзі таныту арқылы саланы тұрақты дамытуға жаңа тәсілдерді іздеу жолымен Қазақстан Республикасының шығармашыл жастарын біріктіру.

Қазақстанда мұнай өнеркәсібінің құрылу және даму тарихымен таныса отырып, еліміздің әр жерінен жас дарындар өздерінің ең үздік жұмыстарын жіберді, онда олар төмендегі тақырыптарға өнерлері арқылы өз қатынастарын білдіре алды:
  • «Қазақстанда мұнай өнеркәсібінің тұлғалары» (жеңімпаз - Шакелеков Жәнібек)
  • «Мұнай өңірлерінің пейзаждары» (жеңімпаз – Еркін Аружан)
  • «Болашақ мұнайы мен газы» (жеңімпаз – Әбілтаева Әдия)
e1d999a3-0102-4a8f-8c72-ba6b5abb75d4_.jpg


Іріктеу кезеңі барысында қатысушылардың конкурстық жұмыстары ұйымдастырушыларды мұнай индустриясының саласындағы қазіргі жағдайына деген өз көзқарастарымен және қатынасымен таң қалдырды. Осылайша, аталған байқау жастар санасында қоршаған ортаны қорғау маңыздылығын, сондай-ақ тұрақты дамуға жәрдемдесуді қалыптастырды.

Мысалы, «Қазақстанда мұнай өнеркәсібінің тұлғалары» номинациясындағы жеңімпаз Шакелеков Жәнібек өз суретін сипаттамасын мынадай ойдан бастады: «Ең қиыны, маған сурет салу емес, мұнайымыздың тарихын оқу қиынға соқты ...». Онда ол бір адамның, еліміздің мұнай саласын дамытуға үлкен үлес қосқан, қарапайым жұмысшыдан бастап Қазақ ССР еңбегі сіңген қайраткеріне дейін еңбек жолын өткен Сафи Өтебаевтың тағдыры арқылы Қазақстанның мұнай саласының даму және қалыптасу тарихын көрсетті. Осындай әртүрлі сезімдердің астарлы байланысын аша отырып, Жәнібек жаңа ұрпақты еліміздегі оң өзгерістер жолында күш-жігерлерін біріктіруге шақырады, себебі бұл үшін жастарға білім алуға сияқты, жан-жақты дамуға да барлық жағдайлар жасалып жатыр.

40650c9e-c645-48e0-9a14-d30208af55b7_.jpg

(Шакелеков Жәнібектің суреті – «Мұнай ата»)

«Жастар-Энергия-Болашақ» байқауының жеңімпаздары мен «ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы Президентінің атынан сыйлық» арнайы номинациясының жеңімпазы Дина Жүкенова Нұр-Сұлтан қаласына бағалы сыйлықтармен марапатталуға және Қазақстанның энергетика апталығының (Kazakhstan Energy Week 2019) құрметті қатысушылары болуға шақырылды.

Марапаттау рәсімі ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы Президенті Болат Оралұлы Ақшолақовтың құттықтау сөзімен ашылды, соңында ол жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

f81151ac-d256-4871-bd07-8f40a3291f9d_.jpg

DSC_0643_.jpg


Ұйымдастырушылар: «KAZENERGY» қауымдастығы ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясымен бірлесіп. Қазақстан ЮНЕСКО клубтарының қолдауымен.

DSC_0717_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.