top
top
Жаңалықтар

Конгресс-орталығында Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған конференция өтті

2019 жылғы 27 қыркүйекте KAZAKHSTAN ENERGY WEEK шеңберінде өткізілген XII KAZENERGY Еуразиялық Форумының алаңында Нұр-Сұлтан қаласының Конгресс-орталығында Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған конференция өтті.

KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин атқандай, мұнай алдағы уақытқа Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің кепілдігіне айналды.
«Елімізде қолданылатын жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама базасы миллиардтаған шетел инвестицияларын тарту және мемлекеттік органдар мен инвесторлардың өзара қарым-қатынастарын жетілдіру үшін негіз болады. Осы процестердегі орталық рөл Қазақстан Республикасының үкіметіне тиесілі екендігі сөзсіз», - деді ол.

1_.jpg

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың айтуы бойынша, Қазақстан өткен кезеңде өзінің саяси және экономикалық дамуында қиын жолдан өтті және халықаралық аренада лайықты орынға ие болды. «Мұнай-газ өнеркәсібі инвестициялау үшін барынша тартымды салалардың бірі бола отырып, әрдайым экономикамыздың фавориті болды. Осы айтулы оқиғаны атап өтіп, бүгін біз жаңа белестерге қол жеткізудеміз, олар жаңа мұнай-газ индустриясын жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті. – «Өткен жылы Қазақстанның мұнай-газ саласында жаңа рекордтар болды. Біз мұнай өндіру бойынша 90 миллиондық мәреге жеттік. Бірақ бұнымен шектелмейміз. Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы іске асырылудағы даму жобаларының арқасында елімізде жақын арада мұнай өндіру жылына 110 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Қазіргі уақытта Қазақстанның мұнай-газ саласы өз алдына жаңа мақсаттар қояды. Біз өндірістік және экспорттық әлеуетті ғана емес, жаңа технологияларды дамытатын боламыз. Инновациялар арқылы біз үлкен табыстарға жететін боламыз».

2_.jpg

Конференция барысында сөз сөйлеген Әзербайжан Республикасының энергетика министрінің орынбасары Гюльмамед Джавадов оның елі Қазақстан сияқты 1990 жылдардың ортасында ірі мұнай-газ жобаларын іске асыруды бастағанын, бұл әзербайжандық экономикаға инвестициялардың ағымына себеп болғанын атап өтті. Оның айтуы бойынша, бүгін Әзербайжан өзінің энергия қауіпсіздігін өндіру және көлік жобаларын іске асыру есебінен қамтамасыз ете отырып, айтарлықтай газ әлеуетіне ие болып отыр.

3_.jpg

«Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуы тарихи тұрғыдан тіл, дін және мәдениет жағынан байланысты. 2006 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасынан Каспий теңізі және Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы мұнайды Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесімен халықаралық нарықтарға тасымалдауға қолдау көрсету және жәрдемдесу жөніндегі шартқа қол қойылды», - деді ол. – «Әзербайжан мен Қазақстан стратегиялық әріптестер болып табылады. Екі ел де халықаралық аренада бірлесіп жұмыс жасайды. Осындай ынтымақтастықтың нәтижесі осы жылдар ішінде екі ел арасында ешбір дау туындамағаны болып табылады». Г.Джавадов Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындауда Қазақстанның рөлін атап өтті. «Көптеген жылдар бойы Каспий елдері арасында осы жабық су айдынының түбін бөлу бойынша дау туындап жүрді. Қазақстан бірінші болып Әзербайжанды қолдап, біз келісімге келдік». Бұдан басқа Қазақстан мұнайы мен мұнай өнімдерін Әзербайжан арқылы транзиттеу және ол Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға СТГ жеткізу жөніндегі жұмыс тобы құрығанын атап көрсетті. Осы саладағы тараптардың ынтымақтастығы басым болып табылады.

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер 120 жыл ішінде Қазақстанның мұнай-газ саласы үлкен жетістікке жетіп, экономикалық прогрестің қозғалтқышына айналып, Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі мен игілігі үшін жәрдемдесетінін атап өтті. «Біздің өндірісіміз 2018 жылы 1 млн-нан 28,6 млн-ға жетті, бұл Қазақстанда мұнай өндіру жалпы көлемінің шамамен 35% құрайды. Теңізде алғаш ұңғымаларды қазып, алғаш зауыттар құрған Қазақстан пионерлерінің қосқан үлесі болмаса, біз осындай керемет нәтижелерге қол жеткізбеуші едік», - деді ол.
И.Боннер деректері бойынша, 1993 жылдан бастап ТШО Қазақстанға 142 млрд доллар сомасына қаржы төлемдерін жасады, 30 млрд доллар тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалды, әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 1,8 млрд долларды құрады. 1999 жылдан бастап 95 әлеуметтік жоба іске асырылды. Мектептер, балабақшалар, колледждер, суды қайта өңдеу және тазалау станциясы, медициналық орталықтар мен емханалар салынды. Мыңдаған жұмыс орны құрылды.

4_.jpg

«Карашығанақ Петролиум Оперэйтинг» бас директоры Эдвин Роналд Бломның айтуы бойынша, Қарашығанақ кен орнын дамыту шеңберінде тәуелсіздік жылдары жаңа қуаттар салынды. «Компаниямызда біз бүгінгі табысқа қол жеткіздірген ата-бабаларымызды, ардагерлерімізді құрмет етеміз».

5_.jpg

«Норд Каспиан Оперэйтинг» басқарушы директорының орынбасары Ермек Марабаев атап өткендей, 120 жыл ішінде Қазақстан барлығымызды өзгерткен тарихи кезеңнен өтті. Солтүстік-Каспий жобасы осы тарихтың үйлесімді жалғасына айналды. «Бір ширек ғасырда біз Каспий қайраңында алғаш мұнай-газ кен орнын игердік. Технологиялық тұрғыдан күрделі объектілер салдық. Бүгінгі күні біздің зауытымыз толық қуаттылыққа шығарылды. Қазіргі уақытта Қашаған кен орнында алғаш күрделі жөндеу жүргізгеннен кейін мұнай саласының көшбасшыларымен бір қатарға тұрып, біз тәулігіне 400 мың баррель мұнай өндіреміз. Биыл тамызда кен орында жалпы мұнай өндіру көлемі пайдалануға іске қосылған кезден бастап 30 млн тоннаны құрады. Бұл ретте пайдалану сенімділіктің жоғары деңгейі сақталады. Жергілікті қамтуды арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Қашаған жобасының шеңберінде сатып алынған тауарлардың, жұмыстармен көрсетілетін қызметтердің жалпы құны 2004 жылдан бастап 14,4 млрд долларды құрады. Осы жылдың бірінші жарты жылында – 290 млн доллар, немесе сатып алу жалпы сомасының 48%-дан астамы», - деген ақпарат берді ол. – «Біздің жобаларымыз шоғырланған Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша 660 млн доллар жалпы сомасына 200-ден астам әлеуметтік жоба іске асырылды».

6_.jpg

Жұма күні XII KAZENERGY Еуразиялық Форумы панельді сессиялармен және басқа да іс-шаралармен өз жұмысын жалғастырды.

7_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.