top
top
Жаңалықтар

Қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізу туралы

15 қазанда Қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, оған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, Argus, Thomson Reuters ақпарат көздері, Euro-Asian Oil, Vitol Group of Companies қазақстандық мұнайының трейдерлері, Қауымдастыққа мүше компаниялар және т.б. қатысты.

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
  • ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстың ағымдағы жай-күйі;
  • Табиғи монополиялар туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс барысы туралы;
  • Жарамсыз мұнайды Усть-Луга кемежайы арқылы тиеу және жүк тиеушілер үшін оның салдары, шығындарды өтеу, салық салу және трансферттік баға белгілеуді қолдану мәселелері.
Отырыс барысында Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ағымдағы жұмыс туралы сөз етілді. Ағымдағы жылы қандай жұмыс жасады және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ жобасына қандай түзетулер енді. Сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Премьер-Министрі Кеңсесімен Заң жобасын келісу және оны ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізу графигін айтты.

Аталған мәселе шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы проблемалы мәселелерді көтерді, атап айтқанда қалдықтарды кәдеге жарату бойынша экологиялық және кеден заңнамалары нормаларының қайшылықтары; «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – ішкі нарыққа мұнайды жеткізуді ұлғайту кезінде салық жүктемесін төмендету.

Екінші мәселе Қауымдастықтың табиғи монополиялар туралы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмысының барысы туралы болды.
Отырыстың негізгі мәселесі жер қойнауын пайдаланушылардың, қазақстандық мұнай трейдерлерінің және ақпарат көздерінің ҚР Мемлекеттік кірістер комитетімен жарамсыз мұнайды Усть-Луга кемежайы арқылы тиеу және жүк тиеушілер үшін оны салдары, шығындарды өтеу, салық салу және трансферттік баға белгілеуді қолдану мәселелерін талқылауы болды.

IMG_3727_.jpg


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.