top
top
Жаңалықтар

Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін кеңейту туралы мәселені талқылау жөніндегі отырыс

2019 жылғы 31 қазанда «KAZENERGY» алаңында «KAZENERGY» қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен отырыс өткізілді.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс берушілер Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) көрсетілген жұмыскерлерге кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды жүзеге асырады.

Бұл ретте осы Тізбенің «Мұнай, газ және газ конденсатын бұрғылау, өндіру және өңдеу, көмірді қайта өңдеу» атты 9-тарауында және «Жалпы кәсіптер» атты 17-тарауында мұнай-газ саласы өндірісінің бірқатар кәсіптері көрініс таппаған, атап айтқанда, тауар операторы, қазандық оператор, слесарь-жөндеуші, сорғы қондырғыларының машинисі, химиялық талдау зертханашысы, құбырларды престеуші, такелажшы және т.б.

Сонымен қатар аталған кәсіптер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы №1930 қаулысымен Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің №1 және №2 тізімдерінде көрсетілген.

Тізбенің тиісті бөлімдерінде жоғарыда көрсетілген кәсіптердің жоқтығына байланысты жұмыс берушінің осы кәсіптер бойынша жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды еңбек жағдайларында еңбек ететін жұмыскерлерге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мүмкіндігі болмайды.

Отырысқа «KAZENERGY» қауымдастығының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, North Caspian Operating Company N.V., «ҚазТрансОйл» АҚ, Карашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, « «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГТІК КОМПАНИЯСЫ» ЖШС, «НГСК ҚазҚұрылысСервис» АҚ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Қазгермұнай» БК ЖШС, «Атырау мұнай өндіру зауыты» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, Agip Karachaganak B.V. өкілдері қатысты.

«Өзенмұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Атырау мұнай өндіру зауыты» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС келіп түскен ұсыныстары талқылауға салынды.

Тізбені кеңейту үшін Жұмыс тобы келіскен кәсіптер тізімі Тізбеге өндірістерді, жұмыстарды, кәсіптерді енгізу жөніндегі ұсыныстарды талдау және қарау комиссия одан әрі қарау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілді.

IMG_3182_.jpg

IMG_3181_.jpg

IMG_3180_.jpg

IMG_3177_.jpg

IMG_3173_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.