top
top
Жаңалықтар

NCOC өндірістік қызметі, Каспий қайраңының бірегей табиғи ортасын сақтау, өңірлердің инфрақұрылымын қолдау және дамыту іс-шаралары туралы KAZENERGY қауымдастығының ұжымымен кездесуде компания өкілдері сөз етті  

7 қарашада «North Caspian Operating Company» компаниясынан келген әріптестер KAZENERGY қауымдастығының қызметкерлерімен танысу кездесуін өткізді.
Компания өкілдері Қашаған кен орнын игеру бойынша компанияның қызметі, сондай-ақ өндірістік, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық мәселелерді қоса алғанда, NCOC даму бағыттары туралы егжей-тегжейлі сөз етті.

Мәселен, 2018 жылы «Қазақстанкаспийқайраңы» халықаралық консорциумының құрылу және Каспий теңізінде сейсмикалық-барлау жұмыстарының басталуынан бастап 25 жыл өтті. Жоба құрамына бес кен орын: Қашаған, Қаламқас теңіз, Қайран, Ақтоты және Оңтүстік Батыс Қашаған кіреді.
2016 жылы алғаш рет Қазақстан тарихында Қашаған теңіз кен орнында мұнайды коммерциялық өндіру басталды.

КСШ өндірудің күрделі табиғи шарттарына қарамастан, басты басымдықтар қатарында – қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету. Кәсіпорындар барлық өндірістік қалдықтардың басынан бастап олардың толық кәдеге жаратылуына дейін мониторингісін жүзеге асырады. Солтүстік Каспий жобасына қатысатын компаниялар экологиялық зерттеулер мен байқаулар жолымен өңірдің бірегей табиғатының теңгерімін қолдау үшін біршама күш жұмсайды.
NCOC Атырау және Маңғыстау облыстарының инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі күні өңірлік инфрақұрылымына 660 млн АҚШ доллары инвестицияланған.

Презентациядан кейін компания қызметін ең үздік білу викторинасы өткізілді, жеңімпаздарға NCOC эмблемасы бар футболкалар берілді.

2019 жылы KAZENERGY қызметкерлерін қауымдастыққа мүше компаниялардың қызметімен таныстыру мақсатында ТШО және КРО өкілдерімен кездесулер өткендігін еске сала кетеміз, бұл қызметкерлердің кәсіпорындардың қызметімен барынша толық танысуына, одан әрі өнімді ынтымақтастық орнатуға септігін тигізді.

KAZENERGY қауымдастығы «NORTH CASPIAN OPERATING COMPANY» әріптестерін ашық әрі қызықты әңгімесі үшін алғысын білдіреді!


IMG_3977_.jpg

IMG_3972_.jpg

IMG_3942_.jpg

IMG_4007_.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.