Қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі

Қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі
2020 жылғы 13 ақпанда Бас директор Б.О.Ақшолақовтың төрағалық етуімен «KAZENERGY» қауымдастығының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі Үйлестіру кеңесі) бірінші мәжілісі өтті.

Мәжіліске мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты:
  1. ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің мамандандырылған басқармасы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің және ҚР Энергетика министрлігінің салық және кедендік саясат департаменті;
  2. Қауымдастыққа мүше компаниялар: «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Лукойл Қазақстан Апстрим» ЖШС, «ПетроҚазақстан Инк», «ҚҰМК Қазақстандағы Интернационал» ЖШС, Филиал «ҚҰМК Каспий филиалы», PwC Kazakhstan, «Olympex Advisers» ЖШС, Ernst & Young Kazakhstan LLP.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:
  1. салық заңнамасына "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекстің 108-бабында көзделген қызметке салық салу тәртібін қайта қарау бөлігінде өзгерістер енгізу (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару);
  2. мұнайды ішкі нарыққа өткізу кезінде "рентабельділігі төмен" тізбесіне енгізілген кен орындарына ҚРҮҚ белгілеген ПҚӨС ставкасына 0,5 төмендету коэффициентін қолдануға байланысты проблема;
  3. газды факелде технологиялық еріксіз жағу кезінде салық салу мәселелері;
  4. ҮТС есептеу кезінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өткен салық кезеңдері үшін жер қойнауын пайдаланушы шеккен залалдарды шегерімге енгізу мәселесін қарау;
  5. Мұнай-газ саласының жер қойнауын пайдаланушылары үшін жерасты суларын өндіруге ПҚӨС ставкаларын қолдану;
  6. жазылу бонусын және тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді есептеу және төлеу кезінде валюта бағамын қолдануға байланысты проблемалық мәселелер.

Мәжіліс барысында күн тәртінің шеңберіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың проблемалық мәселелері айтылды.
Мәжіліс қорытындысы және қабылданған шешімдер бойынша тиісті Хаттама әзірленеді.

IMG_4398@.jpg
Комментарий