Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында Нұрлан Ноғаев KAZENERGY қауымдастығына ҚР ЭМ және басқа да мемлекеттік органдармен нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында Нұрлан Ноғаев KAZENERGY қауымдастығына ҚР ЭМ және басқа да мемлекеттік органдармен нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді
25 ақпанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа отырысы болып өтті.

Отырысқа ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Роман СКЛЯР, ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, мұнай-газ және энергетикалық секторлар компанияларының және салалық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Іс-шара барысында KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов сөз сөйледі, ол Министрлікпен қалыптасқан тиімді ынтымақтастық заңнаманы жетілдіру саласындағы бірқатар бастамаларды, сондай-ақ ірі халықаралық жобаларды іске асыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Ол қатысушыларды 2019 жылғы қызметтің ең маңызды нәтижелерімен таныстырды. Мәселен, өткен жылы KAZENERGY Энергетика министрлігінде сала компаниялары бастамашылық еткен Жер қойнауы туралы кодекске енгізілген көптеген түзетулерді талқылауға қатысты. Нәтижесінде КСШ бойынша 50-ге жуық алдын ала қолдау көрсетілген түзетулер және уран бойынша 40-қа жуық түзетулер жасалды.

Жер қойнауы туралы Кодекске түсініктеме жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл дауларды барынша азайту және мемлекеттік органдардың (әсіресе жергілікті жерлерде), соттардың және жер қойнауын пайдаланушылардың заңды түсінуін жақсарту үшін салмақты көмек болмақ.
Сала үшін 2024 жылдан бастап қорлар бойынша есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу маңызды бағыт болып отыр. Қауымдастық Энергетика министрлігімен келісіп, 1 сәуірге дейін осы жұмысқа кірісіп кетті.
«Салықтар және тарифтер» бағыты бойынша Қауымдастық талдау жүргізіп, салық заңнамасы бойынша 50-ден астам түзетулер мен табиғи монополиялар туралы заңға 60-тан астам түзетулер мемлекеттік органдардың қарауына енгізілді. Олар бойынша жұмыс жалғасуда.

Жыл сайын Энергетика министрлігімен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушылардың өндірістік-қаржылық қызметіне мониторинг жүргізіледі. 2019 жылы жалпыға ортақ белгіленегн салық режимі аясында 40 компанияның деректері талданды.
«ЖЖМ нарығы бойынша» – Қауымдастық ЖЖМ экспорты бөлігінде заңнамалық өзгерістерді енгізуге белсенді ықпал етті. Ашық түсті мұнай өнімдерінің биржалық саудасы бөлігінде маңызды өзгерістер енгізілді.
Электр энергетикасы бағыты бойынша - 2019 жылы электр қуатының енгізілген нарығына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қалыптастыру бойынша ЭМ-мен үлкен жұмыс жүргізілді. Қауымдастық енгізген қуат нарығы бойынша түзетулердің 70%-ы қолдау тапты.

ЭМ және компаниялармен бірге э/энергияның теңгерімдеуші нарығын енгізу мәселелері қаралды. Мұнда заңнамадағы өзгерістер қажет. Мәселенің өзі ЖЭК э/энергиясы көлемінің өсуімен және маневрлік қуаттарды салу бойынша ынталандырушы тетіктерді әзірлеумен байланысты.
Бұдан басқа, KAZENERGY «Жылумен жабдықтау туралы» жаңа заңды әзірлеуге қатысуды жоспарлап отыр.
«Экологиялық бағыт бойынша» - қауымдастық жаңа Экокодекс жұмысына тығыз қатысады. Жобаны дайындау барысында 20-дан астам тұжырымдамалық мәселе қаралды.

«Адами капиталды дамыту» бағыты шеңберінде 2019 жылы негізгі нәтижелер қатарында ҚР мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларында 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге қол қойылғанын, сондай-ақ «Мұнай мен газды барлау және өндіру», «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» және «Мұнай мен газды өңдеу және сату» 3 бағыты бойынша салалық біліктілік шеңбері бекітілгенін атап өту керек, жоба шеңберінде 39 кәсіби стандарт әзірленді.
Сондай-ақ оқу орындарымен оқу ақысын төлеу, стипендиялар, жыл сайынғы конкурстық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыру, Қазақстанның мұнай-газ саласының жаңа кәсіптері атласының жобасын әзірлеуді аяқтау жоспарлануда.

Халықаралық ынтымақтастық бойынша өткен жылдың басты оқиғасы 23-27 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында KAZAKHSTAN ENERGY WEEK - энергетика саласындағы жаңа ұлттық жобаны өткізу болды. Сонымен қатар, ҚР ЭМ және ҚР СІМ бірлесіп негізгі халықаралық ұйымдармен – Дүниежүзілік мұнай кеңесімен, Дүниежүзілік энергетикалық кеңесімен, IRENA, Халықаралық Энергетикалық Хартиямен және т. б. ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстанның 2021 жылы Дүниежүзілік энергетикалық апта өткізуге құқық алуын бөлек атап өту керек.
Бұл мұнай-газ саласы үшін маңызды оқиға, өйткені дүниежүзілік энергетикалық кеңес - құрамына 3 000-нан астам ұйымның атынан 90-нан астам мүше-ел кіретін ірі энергетикалық халықаралық ұйым болып табылады.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында KAZENERGY қауымдастығы атынан қазақстандық ұлттық комитет Хьюстон қаласындағы 23-ші Бүкіләлемдік мұнай конгресіне қатысуды жоспарлап отыр. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен қазақстандық министрлік сессиясын өткізу мәселесі пысықталуда.

Сөз соңында Ақшолақов Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне тиімді ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
Ұсынылған баяндаманың қорытындысы бойынша ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев KAZENERGY қауымдастығының жұмысына жоғары баға беріп, нәтижелі ынтымақтастық үшін және көптеген өзекті мәселелерді алға тартқаны үшін алғыс білдірді.


IMG-20200225-WA0013@.jpg

PHOTO-2020-02-25-16-18-50@.jpg
Комментарий