«StudentDigitalFest» байқауы туралы

«StudentDigitalFest» байқауы туралы
Нұр-Сұлтан қ. бірінші рет Қазақстанның техникалық ЖОО-лары арасында «StudentDigitalFest» интеллектуалдық командалық байқауы өтті.
Байқауды Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (бұдан әрі – КПО) демеушілік қолдау көрсетуімен «KAZENERGY» қауымдастығы ұйымдастырды.
«StudentDigitalFest» интеллектуалдық командалық байқауын KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының Орынбасары Ұ.С.Қарабалин Байқауға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты түрде ашты.

Ұ.Қарабалин бұл іс-шараның жас таланттардың зияткерлік дағдыларын дамытуға жаңаша қарауға, студенттерді жобалық жұмысқа тартуды белсендіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

2020 жылғы 26 ақпанда 16 команда Байқау шарттарымен бастапқыдан анықталған тақырыптар бойынша конкурс жеңімпазы атану үшін сайысқа түсті.
Командаларға 2 ай ішінде: а) пайдалану кезінде ұңғымалардың жұмыс параметрлерін анықтау үшін пайдаланылатын стандартталған кіріс айнымалылары бар автономды калькуляторға арналған, б) компаниялардың өндірістік мұқтаждарына қатыстырылмаған көлік құралдарының кіруіне тыйым салу үшін, сол арқылы газ қауіпті учаскелерге рұқсатсыз кіруді болдырмауға арналған, с) компаниялардың деректер базасында әлеуетті жеткізушілерді тіркеудің интеграцияланған электрондық жүйесіне цифрландыруды енгізу мүмкіндігіне арналған шешімдерді әзірлеу қажет болды.
Командалардың жұмысын мұнай-газ саласында, сондай-ақ байқаудың тиісті бағыттары бойынша сараптамалық қызметте тәжірибесі мол төрешілер бағалады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2020 жылғы 27 ақпанда өтті.
Жеңімпаздарды жариялаудың алдында төрешілердің әрбір мүшесі байқаудан алған өз әсерлерімен бөлісті. Төрешілердің мүшелері атап өткендей, командалардың өнерін бағалау қиын болды. Әрбір ұсынылған шешім жобасы бірегей болды. Сарапшы, мұнай-газ саласының ардагері, байқау төрешілерінің мүшесі И.Т.Бірманов бүгінгі жастар үшін анағұрлым кең, неғұрлым терең білім алуға ұмтылыс прогресс болып табылатынын атап өтті. Байқаудың төрешілерінің мүшесі, КПО ұңғымасының тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі инженер Г.Мұқанова қатысушыларға сәттілік пен табыс тіледі.
Төрешілердің төрағасы, КПО интеграция және өзара іс-қимыл жөніндегі менеджері Фабио Мартинелли командалар әзірлеген презентациялардың сапасын атап көрсете отырып, Қазақстан жастары үшін байқауды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Байқау өткізу студенттерге болашақ мамандарға тәжірибелік салаға өтіп, болашақта өз мүмкіндіктерін таба алатын идеялар арқылы саланы дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді» - деп атап көрсетті «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры.

Байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. Бас директоры Эдвин Роналд Блом атап өтті. Жастарға арнаған сөзінде Эдвин Блом "StudentDigitalFest" байқауы команданың қандай орынға ие болғанына қарамастан, болашақ кәсіби мансап үшін трамплин болатынына сенім білдірді.

Ұйымдастырушылардың атынан "KAZENERGY" қауымдастығының Бас директоры Б.О.Ақшолақов төрешілер мүшелеріне жемісті жұмысы үшін алғыс хаттар табыс етіп, осы ретте Байқаудың төрешілерінің тікелей өндірісте жұмыс істеп жүрген қызметкерлер екенін баса көрсетті.
"StudentDigitalFest" байқауының барлық қатысушыларына сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жеңімпаз командалар.
«OXYGEN», Satbayev University
1. Сейітжанов Аңсар, капитан
2. Саменов Ерназар
3. Темірқас Мерей
4. Өмірбаева Айжан

«IT Creations», С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті
1. Абдыханов Самат, капитан
2. Абай Владимир
3. Құрбанов Роберт
4. Молдабаев Олжас

«Makers», Ғұмарбек Дәукеев ат. Алматы энергетика және байланыс университеті
1. Абитай Ануар, капитан
2. Базарбай Дидар
3. Тоқтанай Жәнібек
4. Бурабаева Айдана

С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университетінің «Digital Chaos» командасы үшін КПО-да «Бонустық» бір апталық тәжірибе
1. Шекеров Нурислам, капитан
2. Иманбазарова Маржан
3. Хуанган Думан

Байқаудың барлық қатысушыларын құттықтай отырып, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!


Комментарий