top
top
Жаңалықтар

Батыс өңірде кадрларды даярлау туралы

2020 жылғы 4 наурызда С.Өтебаев ат. Атырау мұнай және газ университетінде орналасқан Н.У. Балғымбаев ат. Коммуникацияларды дамыту орталығында Bolashaq халықаралық стипендиясы түлектерінің «Өңірдегі кадрларды даярлау мәселелері» өңірлік форумы өтті.

Форумда өңір үшін басым мамандықтар тізіміне сәйкес кадрларды даярлау, Bolashaq халықаралық бағдарламасы шеңберінде шетелде қайта даярлау және біліктілікті арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды, өзара қызығушылық туғызған барлық басқа салалардағы мәселелер талқыланды.

Форумның қатысушылары Bolashaq стипендиясын ұсыну талаптарымен егжей-тегжейлі, атап айтқанда оны жаңғырту туралы ақпарат, стипендиядан үміткерлерге қойылатын талаптар, стипендия өтейтін шығыстар, талапкерлердің барлық санаттарын алып тастау, байқауға іріктеу кезеңдерін қысқарту, Bolashaq халықаралық бағдарламасы бойынша оқу мәселелері жөніндегі НҚА өзгерістер енгізу, сондай-ақ облыс тұрғысында батыс өңір бойынша стипендиаттар туралы статистикалық деректермен танысуға мүмкіндік алды.

Университет тарабынан өңірдің мұнай-газ саласы үшін кадр даярлау қиындықтары туралы, сондай-ақ университетке көмек көрсету және дамыту шаралары туралы ақпарат айтылды.

Батыс өңірдің жұмыс берушілерімен кездесу өткізілді, оған 30-дан астам мұнай-газ компаниялары қатысты.
Сонымен қатар Форум шеңберінде Теңізшевройл компаниясының бас офисінде TED форматында Bolashaq Talks ұйымдастырылды, өңірдің қажеттіліктері үшін мамандарды даярлау саласындағы стратегиялық бастамаларды іске асыруға байланысты түйінді мәселелер талқыланған панельдік сессиялар өткізілді.

Өз кезегінде, «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ахмурзина мұнай-газ және энергетика саласына кадрлар даярлау бөлігінде Қауымдастықтың жүргізіп жатқан жұмыстары туралы, сондай-ақ «KAZENERGY» қауымдастығы Білім беру бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан басқа жобалар туралы айтып берді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті А.Карбозова мен С.Өтебаев ат. Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Г.Шакуликованың ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы маңызды оқиға болды, бұл меморандумның мақсаты халықаралық бағдарлама шеңберінде кадрларды даярлау, шетелде біліктілігін арттыру және қайта мамандандыру мәселелері бойынша, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын барлық басқа да салаларда ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Г. Шакуликова кездесуде Халықаралық бағдарламалар орталығына университет базасында Атырау, Атырау облысында және ҚР тұтас батыс өңірінде Болашақ бағдарламасын ұйымдастыру және ілгерілетуге ықпал ету бойынша құзыреттер орталығын ашуды ұсынды. Бұл ұсынысты барлық тараптар бірауыздан қолдады, орталық таяуда өз жұмысын бастайды.

WhatsApp-Image-2020-03-05-at-17.03@.jpg

WhatsApp-Image-2020-03-05-at-17.07@.jpg

WhatsApp-Image-2020-03-05-at-17.0211@.jpg

WhatsApp-Image-2020-03-05-at-17@.jpg

WhatsApp-Image-2020-03-05-at-17.02@.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.