Бұрғылау технологиялары оқу орталығының ашылуы

Бұрғылау технологиялары оқу орталығының ашылуы
Қазақ-Британ техникалық университеті (КБТУ), Baker Hughes және KazPetroDrilling арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру мақсатында 2020 жылы 4 наурызда Атырау қаласныда Бұрғылау технологияларын оқыту орталығы ашылды.

Орталықты ашу мақсаты Қазақстанның мұнай-газ және энергетика салаларындағы кадрлар әлеуеті мәселелерін серпінді және тұрақты дамыту үшін бәсекелестік ортаны дамыту болып табылады. Орталықтың білім беру бағдарламасы бұрғылау технологияларымен байланысты бағыттарға тоғыстырылған, – деп атап көрсетті КБТУ ректоры Кенжебек Ибрашев.
Жаңа оқу орталығы IWCF (International Well Control Forum) бойынша аккредиттеуден өтті және DrillSim-20 тренажерімен, DrillSim-5000 толық масштабты симуляторымен және бұрғылау жабдығының арнайы макетімен жабдықталған, бұл жабдықтар оқушыларға бұрғылау жұмыстары кезінде әртүрлі операцияларды жүргізудің тәжірибелік дағдыларына машықтануға мүмкіндік береді.

КБТУ адами капиталды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаға сәйкес техникалық құзыреттерді дамыту және мамандардың біліктілігін арттыру үшін толық циклда оқыту бағдарламасын іске асырады. Бағдарламалар халықаралық білім беру стандарттарының талаптарына жауап береді.

Орталықтың ашылуына бұрғылау технологиясының тоғыз бағытындағы өзінің ерекше тәжірибесімен бөліскен Baker Hughes компаниясы белсене атсалысты. Бұл білім КБТУ оқытушылары мен сутденттерін қоса алғанда, мамандарды оқыту үшін пайдаланылады.

KazPetroDrilling қазақстандық бұрғылау холдингі орталыққа арнап халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи офис ұсынды, сондай-ақ бірінші тыңдаушыларды оқуға жіберді.
Жаңа оқу орнында алғашқы екі курс табысты өтті.

Орталықтың ашылу салтанатына «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ахмурзина қатысты.


IMG_5488@.jpg

IMG_5462@.jpg

WhatsApp-Image-2020-03-05-at-18.20@.jpg
IMG_5497@.jpg

IMG_5511@.jpg

IMG_5516@.jpg

Комментарий