Г-н Ли Юн Хун, CNPC Kazakhstan бас директоры, KAZENERGY ұжымына еліміздегі Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) қызметі мен жетістіктері туралы айтып берді

Г-н Ли Юн Хун, CNPC Kazakhstan бас директоры, KAZENERGY ұжымына еліміздегі Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының  (CNPC) қызметі мен жетістіктері туралы айтып берді
5 наурызда Қазақстандағы CNPC компаниясының бас директоры Ли Юн Хун мырза бастаған әріптестері KAZENERGY қауымдастығының қызметкерлерімен кездесіп, әлемнің ең ірі 50 мұнай компаниясына кіретін Қытайдың ірі мұнай-газ өндіруші және жеткізушісі - CNPC қызметімен таныстырды. Корпорация 37 елде инвестициялық операциялар жүргізеді, 63 мемлекетте, оның ішінде біздің елде мұнай-газ объектілеріне инженерлік-техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен айналысады.

Қазақстанда өз жұмысын 1997 жылы бастаған CNPC қазіргі уақытта 7 мұнай өндіру жобасына, 2 мұнай-газ құбырына, 2 газ құбырына, 1 мұнай өңдеуші зауытқа және 1 болат құбыр зауытына қатыса отырып, ең ірі инвесторлардың бірі болып табылады.

CNPC түрлі жобаларға инвестиция салу арқылы Қазақстанның мұнай өнеркәсібін жаңғыртуға, жергілікті экономика мен қоғамды дамытуға үнемі қатысады. Инвестициялаудың негізгі бағыттары қолданыстағы және жаңа өндірістік объектілерді салу және қайта жаңарту, кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, ұңғымаларды бұрғылау және жайластыру болып табылады. Өткен кезеңдегі CNPC-дің қазақстандық жобаларға салған жиынтық инвестициясы 40 млрд. АҚШ доллардан асты және баж салығы 49 млрд. жуық АҚШ долларын құрады. Қазақстандағы CNPC өз қызметін жүзеге асыру кезінде әлеуметтік жобаларға жиынтығы 400 млн. доллар инвестиция салды.

Компания әлеуметтік жобалардың дамуын қолдауға ұмтылады. Осылайша CNPC 2016 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақ хореография академиясы» құрылысына демеуші болды
2017 жылы Ақтөбе қаласында Жастар сарайы салынды. 2019 жылы Ақтау қ. Біріші Президент паркі және басқа да маңызды жобалар салынды.
Жалпы қауымдастық қызметкерлерінің Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші, жетекші мұнай-газ компаниясының бірінің басшысымен болған осы кездесуі танымдық әрі пайдалы болды.

Іс-шараның қауымдастық мүшелерімен өзара іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру аясында өткенін атап көрсетеміз.

KAZENERGY ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ ҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫНАН КЕЛГЕН ӘРІПТЕСТЕРІНЕ (CNPC) ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЛИ ЮН ХУН МЫРЗАҒА АШЫҚ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ ӘҢГІМЕСІ ҮШІН АЛҒЫС БІЛДІРЕДІ!


IMG_4605@.jpg

IMG_4645@.jpg
Комментарий