Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия

Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия
2020 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның мәжілісі өтті.

Мәжіліске әлеуметтік әріптестік тараптары қатысты: ҚР Энергетика министрлігі атынан уәкілетті мемлекеттік орган; жұмыс берушілер: «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «KAZENERGY» қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазақстандағы ҚҰМГК Интернационал» ЖШС; салалық кәсіподақтар атынан қызметкерлердің өкілдері: «Қазақстан мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Химия, мұнай-химия және өнеркәсіптің ұқсас салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ және басқалары.

Мәжілісте кадрлық өзгерістерге байланысты әлеуметтік әріптестік және мұнай-газ саласының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізілді.

Салалық комиссия мәжілісін өткізу барысында әлеуметтік әріптестік және мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия жұмысының 2020 жылға арналған негізгі бағыттары бекітілді.

2020 жылдың екінші жартысынан бастап «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» көшпелі семинар-кеңестерін өткізудің жоспар-кестесі бекітілді.
Салалық комиссия мәжілісінде «Теңізшевройл» ЖШС бас менеджері К.Б.Байжанованың «Теңізшевройл» ЖШС-дағы әлеуметтікэкономикалық мәселелерді шешуге және мердігер ұйымдардағы наразылық акцияларының алдын алуға бағытталған Кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы ақпараты тыңдалды. Бүгінгі күні «Теңізшевройл» ЖШС-да еңбек жанжалдарының алдын алу бойынша шаралар қабылданып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс жүргізу барысында олардың мақсаттары мен қол жеткізу жолдары, сондай-ақ өндірістік қатынастарға қатысты ең төменгі талаптар анықталды. Мердігер ұйымдармен кері байланыс жасау тетіктері әзірленді, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы өнімді қарым-қатынасқа қолдау көрсетілуде, дауларды, әлеуетті ереуілдерді азайту, мәдениетті дамыту әрі нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен СНПС коропорациясы Директорлар кеңесінің Төрағасы В.Илиннің келіссөздерінің қорытындысы бойынша мұнай-газ саласындағы қызметкерлердің жалақысын көтеру жөніндегі хаттамалық тапсырманы орындау барысы туралы «Қазақстандағы ҚҰМГК Интернационал» ЖШС бас директорының еңбек ресурстары жөніндегі орынбасары Р.С.Абдрасилова сөз сөйлеп, СНПС коропрациясы қатысатын кәсіпорындардың қызметкерлерінің еңбекақысы жөніндегі жағдай туралы ақпарат берді.

Мәжіліс соңында төраға әлеуметтік әріптестік тараптарына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.

20200312_171650@.jpg

Комментарий