top
top
Жаңалықтар

Үстіміздегі жылдың 11 наурызында Алматы қаласында Шеврон компаниясының офисінде әртүрлі салада жұмыс істейтін әйелдердің, сондай-ақ компания қызметкерлері мен серіктестерінің қатысуымен «Көшбасшылық. Мансап. Табыс» тақырыбында пікірталас сессиясы өтті.

Үстіміздегі жылдың 11 наурызында Алматы қаласында Шеврон компаниясының офисінде әртүрлі салада жұмыс істейтін әйелдердің, сондай-ақ компания қызметкерлері мен серіктестерінің қатысуымен «Көшбасшылық. Мансап. Табыс» тақырыбында пікірталас сессиясы өтті. Бұл сессияның шеңберінде қатысушылар еріктілер, әйел көшбасшылығы және кәсіби дамуы мәселелерін талқылады.

KAZENERGY қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі Атқарушы директоры Л.Ахмурзина спикер дәрежесінде қатысу үшін шақырылды, ол сөз сөйлеп, «ҚР энергетикасындағы әйел рөлі» зерттеуінің негізгі нәтижелерімен таныстырды.

Зерттеудің негізгі мақсаты Қазақстан энергетикасындағы әйелдердің жұмыспен қамтылуы туралы ақпаратты қалыптастыру болып табылады. Зерттеу 2016 жылдан бастап 2019 жылдың II тоқсанына дейінгі кезеңдерді қамтиды. Зерттеуге 55 мыңнан астам қызметкерді қамтитын 37 компания қатысты.
2016–2019 жылдар арасындағы қарастырылып отырған кезеңде зерттеуге енгізілген компанияларда – 13 901 әйел және 42 055 ер адам жұмыспен қамтылған, мұның өзі жалпы жұмыспен қамтудағы әйелдердің үлесі 24% қамтитынын білдіреді.

Басқару. Басқару позициясында (директорлар кеңесінің мүшесі, топ-менеджерлер немесе орта буынды менеджерлер дәрежесінде) 2018 жылы 6 577 ер адам болды, сол уақытта дәл осындай лауазымда басқарушы қызметтің жалпы санында 1 592 ғана әйел болды, мұның өзі 19%.

Білім беру. Сауалнамаға сәйкес, бұл саладағы әйелдердің ерлерге қарағанда жоғары білімділері көбірек. Сауалнама алынған компанияларда жұмыс істейтін барлық 48% ер адамдармен салыстырғанда, барлық әйелдердің 64%-ның жоғары білімнен кейінгі білімі бар (магистр, ғылым докторы дәрежесінде).

Өндіріс. 2018 жылы әйелдер техникалық және өндірістік қызметкерлердің небары 19% ғана, «кәсіпқой маман» ретінде біліктілік берілген техникалық қызметкерлердің 31% ғана 1 (10 502 қызметкердің 3 209-ы) және «техник мамандардың» (3 957 қызметкердің 938-і) 24% ғана құрады. Өндірістік жұмыс күші құрамындағы әйелдер мен ерлер санының талдауы жоғары білікті техникалық лауазымдарда әйелдердің жұмыспен қамтылуының жоғары деңгейін атап көрсетеді. Техникалық және өндірістік лауазымдағы барлық әйелдердің жартысынан астамы «кәсіпқой маман» немесе «техник маман» болып табылады.

Осылайша, жалпы үрдістер жұмыс күші құрамының толық ұсынылмағанын және әйелдердің пайдаланылмаған жасырын әлеуетін көрсетеді.

-------------
[1] Осы санатта жоғары білім бар жоғары білікті мамандар, мысалы, инженерлер (-геофизиктер, -химиктер немесе -электриктер) қамтылған.

IMG_9347@.jpg


IMG_9348@.jpg



Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.