top
top
Жаңалықтар

«Shell NXplorers» тренингін өткізу қорытындылары туралы

«Student Energy Challenge» байқауының ұйымдастырушылары KAZENERGY қауымдастығы және Шелл Қазақстан компаниясының атынан а.ж. 5-6 маусымда ҚР ЖОО студенттері арасында сыни және кешенді ойлауды дамыту бойынша тренинг өткізді.

«Shell NXplorers» тренингі қатысушыларға позитивті өзгерістерге қол жеткізу үшін құралдар мен әдіснаманы ұсына отырып, инновациялық ойлауды дамытуға арналған. Тренинг барысында проблемаларды шешу және ынтымақтастық орнату мысалында қатысушылар зерделеуді, өзгерістер жасап, оны жүзеге асыруды үйренді. Екі күндік онлайн бағдарлама қатысушыларға күрделі міндеттерді шешуге жүйелі тәсілді пысықтауға, бұл командалар жобаларының паспорттарын толық әзірлеуге және оларды одан әрі қорғауға мүмкіндік береді.

Осы тренинг аяқталғаннан кейін қатысушылар байқаудың келесі деңгейіне өтеді, оның шеңберінде командалар 2023 жылғы 16 шілдеге дейінгі мерзімде өз жобаларының паспорттарын сараптамалық бағалауға тапсыруы қажет.

Байқау туралы толығырақ мына сілтеме бойынша:
https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.