top
top
Жаңалықтар

Жобаны экономикалық талдау саласында оқу тренингін өткізу қорытындылары туралы

«KAZENERGY» қауымдастығының және байқаудың тұрақты демеушісі «Шелл Қазақстан» атынан «Student Energy Challenge» байқауының ұйымдастырушылары 2023 жылғы 8 маусымда Астана уақытымен сағат 15:00-де байқаудың 7-маусым қатысушылары, ЖОО командалары үшін оқу онлайн-тренинг өткізілгені туралы хабарлады. Тренинг бағдарламасының шеңберінде қатысушылар ІТ-стартаптарының халықаралық технопаркі - Astana Hub қызметі, стартап жобаны құру, стартап жолы және жобаны іске асырудың барлық деңгейлері жөнінде білді.

Оқу онлайн-тренингін Astana Hub білім беру бағдарламасының директоры Дәулет Оразбайұлы Беймурзинов өткізді.

Қазіргі уақытта ЖОО командалары энергетика, энергетикадағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды төмендету, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу саласында жобалардың паспорттарын әзірлеуге кірісті.
Жобаларды әзірлеу кезінде әр команда жобалардың паспорттарына қойылатын талаптарына сәйкес өз экономикалық және экологиялық негіздемесін ұсынуы қажет. Жобаларды әзірлеу а.ж. 16 шілдеге дейін жалғасатын болады.

Байқау туралы толық ақпаратпен https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/ сілтемесі бойынша танысуға болады.

6a0382f9-2980-47b5-97d3-9d1b71351cfa.jpg

c8199ccc-988a-4c8d-9aba-9318f3962ccd.jpg

2ad9ef10-e166-4f41-8dd1-689dec9a0a95.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.