top
top
Жаңалықтар

Жобаны экологиялық талдау саласында оқу тренингін өткізу қорытындысы туралы

«KAZENERGY» қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы атынан «Student Energy Challenge» байқауының ұйымдастырушалары 2023 жылғы 14 маусымда ЖОО командалары, байқаудың 7-маусымының қатысушылары үшін онлайн оқу тренингін өткізді (бұдан әрі – Тренинг).

Тренингті «ECOJER» Қазақстан өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығының бас директоры Рүстем Хайроллаұлы Қабжанов өткізді.

Тренингте экология, экологиялық сараптама, экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) мәселелері қаралды. Тренинг қатысушылары тақырыпты талқылауға белсенді қатысты, сұрақтар қойып, тренер мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта ЖОО командалары энергетика, энергетикадағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды төмендету, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу саласындағы жобаларды паспорттарын әзірлеуге кірісті.

Жобаларды әзірлеу кезінде әр команда жобалардың паспорттарына талаптарға сәйкес өзінің экономикалық және экологиялық негіздемесін ұсынуы қажет. Жобаларды әзірлеу а.ж. 16 шілдеге дейін жалғасады.

Байқау туралы толық ақпаратпен https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/ сілтемесі бойынша танысуға болады.

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.