top
top
Жаңалықтар

Командалық жұмыстарға сараптама жүргізу туралы

Қазіргі уақытта «Student Energy Challenge» байқауының 7-маусымына қатысушы 36 команда байқау ұйымдастырушыларына тәуелсіз бағалауға өз жобалау жұмыстарын ұсынды. Тәуелсіз баға беру үшін байқау ұйымдастырушылары 2023 жылғы 14 тамызға дейін паспорт жобаларын бағалау бойынша энергетика, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды төмендету, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу салаларындағы жетекші сарапшыларды тартты.

Ұсынылған бағалау парақтарының қорытындысы бойынша сарапшылар KAZENERGY Еуразиялық энергетикалық форум шеңберінде байқау финалына қатысу үшін командаларды іріктейтін болады.

Анықтамалық:
2017 жылдан бастап «Student Energy Challenge» байқауын «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен әріптестікте және оның қаржылық қолдауымен өткізіп келеді.

Байқау туралы толық ақпаратпен https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/ сілтемесі бойынша танысуға болады.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.