top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge» 7-маусымдық байқауының финалы туралы

2023 жылғы 5-6 қазанда Астана қаласында «Student Energy Challenge» 7-маусымдық байқауының финалы өтті, 15 аталған командалардың 4-уі (төрт): М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен «Ученые», С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінен «Dream team», Назарбаев университетінен «Energy Tech» және Қазақстан-Британ техникалық университінен «Young Innovators» атты командалары оның жеңімпаздары болып атанды.

Командалардың жобалау жұмыстары энергетика, энергетика саласындағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу және т.б. салалардағы бар проблемаларды шешуге бағытталған.

«Шелл Қазақстан» компаниясының басшылары, демеушісі және сарапшылар қауымдастығының өкілдері атынан құзырлы қазылар алқасы барлық командалардың жобалау жұмыстарын жоғары бағалап, әрқайсысын байқауға қатысу сертификаттарымен марапаттады.
Жеңімпаз командалар тиісті салаларда өз жобалау жұмыстарын зерттеуге 5000 $ мөлшерінде грантқа ие болды.

Фото: https://www.kazenergy.com/ru/press-center/photo-gallery/139/

Анықтамалық:
2017 жылдан бастап «Student Energy Challenge» байқауын «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясының қаржылық қолдауымен және әріптестігімен өткізіп келеді.
Байқау туралы барынша толық ақпаратты https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/ сілтемесі бойынша танысуға болады.

ОБЩЕЕ-ФОТО.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.