KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев бұрынғы бас директор Кенжебек Ибрашевқа жұмысы үшін алғыс білдірді.
Мағзұм Мырзағалиев ведомствоның ұжымына жаңа басшыны таныстыра отырып, Әлібек Қуантыров әртүрлі жауапты лауазымдарда айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті. Әр түрлі жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде әртүрлі лауазымдарды атқарды. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымын атқарды.
KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қазіргі уақытта Қауымдастық алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. KAZENERGY — бұл мемлекеттік органдардың, Парламент пен мұнай-газ және энергетика салаларындағы компаниялар арасындағы ірі диалог алаңы болып табылады. Қауымдастық саланың заңнама базасын қалыптастыруда белсенді қолдау көрсетуге және Үкіметпен диалог орнату процесіне қатысуға дайын екенін айтты.
KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы сөз соңында Қауымдастықтың барлық ұжымына сәттілік тіледі.