top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge» байқауының аңдатпасы

«KAZENERGY» қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы Қазақстанның ЖОО студенттері арасында «Student Energy Challenge» командалық байқауының сегізінші маусымының басталуы туралы жариялайды.

ЖОО студенттерінің энергетика, энергетикадағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды төмендету, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жөніндегі бағыттар бойынша жобаларды іске асыруға www.kazenergy.com сайтына өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 8 сәуірден басталады.

«Student Energy Challenge» - студенттерге өздерін, өз идеяларын, энергетика, мұнай-газ саласы, қоршаған ортаны қорғау/экология және т.б. салаларын қамтитын міндеттерді шешуге бағытталған жобаларды көрсетуге бірегей мүмкіндік беретін байқау. Байқау аясында барлық командалар Shell NXplorers сыни тұрғыдан ойлауға және кешенді мәселелерді шешуге арналған тренингке қатысады, сонымен қатар жобалау жұмыстарын әзірлеу кезінде экономика және экология саласындағы сарапшылардан кеңес алады.

Байқаудың жалпы сыйлық қоры – 7 050 000 теңге құрайды.

Мүмкін сіз және сіздің командаңыз 2024 жылы гранттың бақытты жеңімпазы және Конкурстың жеңімпазы болып атанасыз!
Байқаудың егжей-тегжейлі шарттарын www.kazenergy.com сайтында – Қызметі – Білім беру бағдарламасы – «Student Energy Challenge» командалық байқаулар сілтемесі бойынша оқи аласыз.

Байқауға қатысу мәселелері бойынша +7 7172 79-01-82, sech2024@kazenergy.com тел/e-mail бойынша жолыға аласыз.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.