top
top
Жаңалықтар

«Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарға кешенді экологиялық рұқсаттарды беру және алу тәртібінің тетігін пысықтау қажет», - KAZENERGY

KAZENERGY қауымдастығының белсенді қолдауымен Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясының ұйымдастыруымен «Мұнай-газ саласында кешенді экологиялық рұқсаттарға көшу: сын-тегеуріндері, стратегиялары мен даму жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап I санаттағы кәсіпорындарға кешенді экологиялық рұқсаттар алу туралы экологиялық заңнама талаптары күшіне енеді. КЭР ЕҚТ (ең үздік қолжетімді техникалар) анықтамалығында белгіленген эмиссиялардың шекті деңгейлерінің негізінде беріледі.

Бұл ретте жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін іске асыру мерзімі он жылдан аспайтын Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының шеңберінде оларға кезең-кезеңімен қол жеткізуге рұқсат етіледі.

Кәсіпорындар КЭР алмаған жағдайда Салық кодексіне сәйкес олардың эмиссиялық төлем мөлшерлемесі артады:
  • 50 жетекші кәсіпорын үшін олар 2025 жылдан бастап 2 есе, 2028 жылдан бастап 4 есе және 2031 жылдан бастап 8 есе өседі;
  • І санаттағы басқа кәсіпорындар үшін 2031 жылдан - 2 есе, 2034 жылдан - 4 есе өседі.
Қазіргі уақытта:
  • КЭР беру және алу рәсімі бойынша заңнама талаптарын іске асыру тетігін, оның ішінде мұнай-газ саласының ерекшеліктерін ескере отырып, қайта пысықтау талап етіледі.
  • КЭР беру және алу рәсімін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау талап етіледі.
  • нәтижесінде, КЭР алу үшін қажетті жобалау құжаттамасын қоса алғанда, өтінім материалдарының пакетін әзірлеуге уақыт жеткіліксіз.
Сонымен қатар ЕҚТ (ең үздік қолжетімді техникалар) енгізу үшін маңызды факторлары ұзақ мерзімді жоспарлау мүмкіндігі және заңнамалық базаның тұрақтылығы болып табылатын инвестицияларды тартуды қажет етеді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар – мұнай және газ өндіру, мұнай және газды қайта өңдеу компанияларының өкілдері осы мәселелердің барлығын ҚР Экология және табиғи ресурстар, Энергетика министрліктерімен талқылады.

Талқылау нәтижесінде ЭТРМ алаңында КЭР-ге көшу кезінде туындаған проблемалық мәселелерді шешу үшін ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ іс-шараларды өткізу мерзімі көрсетілген Жол картасы әзірленетін болады.

IMG_9498.JPG
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.