top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығы мен Дүниежүзілік мұнай кеңесі ынтымақтастықты нығайтуда

KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (WPC Energy) президенті Педро Мираспен онлайн кездесу өткізді. Бейнеконференция байланысы арқылы өткізілген келіссөзге KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Әлібек Қуантыров та қатысты.

Кездесу барысында WPC Energy шеңберінде Қазақстан Ұлттық комитетінің қызметін кеңейту бойынша негізгі мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар тараптар техникалық қолдау, тұрақты даму бойынша ғылыми зерттеулер, ЖОО арасындағы ынтымақтастықты нығайту, WPC Energy ұйымына мүше елдердің жас мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша М.Мырзағалиев WPC Energy басшылығына Қазақстан комитетінің бастамаларын қолдағаны үшін алғыс айтып, алдағы жоспарларды іске асыруда нәтижелі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Анықтама: 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы WPC Energy белсенді қатысушысы болып табылады. WPC Energy Қазақстан ұлттық комитеті атынан KAZENERGY қауымдастығы қызмет етеді. Қазақстан комитетінің өкілдері мұнай-газ саласындағы жаһандық өзекті мәселелер талқыланатын Атқарушы және Бағдарламалық комитеттердің отырыстарына белсенді түрде қатысады.

IMG_9509.JPG

IMG_9508.JPG

IMG_9504.JPG
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.