top
top
Жаңалықтар

Мұнай-газ, мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ-химия салаларының кәсіби біліктілігі жөніндегі Cалалық кеңестің кезекті отырысы өтті

Іс-шара KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Ляззат Ахмурзинаның төрағалығымен өтті. Оған ҚР Энергетика министрлігінің, Отын-энергетика кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығының, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, мұнай-газ компанияларының, салалық кәсіподақ ұйымдарының және т.б.өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда Энергетика министрлігінің бұйрығымен Салалық кеңес жанында 61 маманнан тұратын жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер, кәсіподақтар және оқу орындары кіреді.

Кездесу барысында enbek.kz веб-порталымен жұмыс жасау барысында туындайтын мәселелер айтылды. Қатысушылар мұнай-газ саласындағы жұмыс берушілер мен жұмысшыларды оқыту және т.б.мәселелерді де талқылады.

Сонымен қатар а.ж. мамыр айының соңына дейін үш салалық біліктілік шеңбері бойынша ЕРДО (Еңбек ресурстарын дамыту орталығы) ескертулерін жою жөнінде жұмыс жасалу қажет:
  • Мұнай мен газды барлау және өндіру
  • Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау
  • Мұнай мен газды қайта өңдеу және оны өткізу
Рәсімдер аяқталған соң enbek.kz дерекқорына енгізілетін болады.

ЕРДО өкілдері біліктілік деңгейлерінің мамандық карталарымен байланысты мәселелерге де назар аударуды сұрайды. Мамандықтар үшін біліктілік деңгейі мәселесі де ашық күйінде қалып отыр.

ҚР Энергетика министрлігі Кәсіптердің Ұлттық жіктеуішіне енгізу және кәсіптік кодтарды беру үшін кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі қолданыстағы әдістемелік ұсынымдар талап ететін, әзірленген кәсіби стандарттар бойынша 51 мамандықтың атауын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдағанын хабарлады.

IMG_9536.JPG
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.