top
top
Жаңалықтар

Астанада Халықаралық еңбек ұйымының өкілдерімен әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері талқыланды

Іс-шараға Парламент депутаттары, KAZENERGY қауымдастығының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдері қатысты.

ХЕҰ миссиясы Қазақстанға халықаралық стандарттарды қолдануда техникалық қолдау көрсету шеңберінде жүргізіледі. Кездесу барысында әлеуметтік әріптестік, еңбекті қорғау, еңбек қатынастарын цифрландыру және әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.

KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Әлібек Қуантыров өз сөзінде Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстандағы миссиясына алғыс білдіріп, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің мүдделерінің теңгерімін сақтаумен қатар жұмысшылар үшін әділ еңбек жағдайларын және құқықтарын қамтамасыз етіп, халықаралық еңбек стандарттары мен саясатын ілгерілетудегі негізгі рөлін атап өтті.

-Дүниежүзілік экономикалық және әлеуметтік кеңістікке интеграцияны тереңдетуге ұмтылатын Қазақстан үшін ХЕҰ-мен ынтымақтастық орнату стратегиялық маңызды болып табылады. Бұл озық халықаралық тәжірибені енгізуге, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарында экономиканы тұрақты дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті KAZENERGY басшысы.

Оның айтуынша, KAZENERGY қауымдастығы жұмыс берушілердің ірі бірлестіктерінің бірі және ұлттық экономикадағы бизнестің заңды мүдделерін ескере отырып, әлеуметтік-еңбек саласындағы жұмыс берушілердің құқықтарын қорғайтын еліміздегі санаулы қауымдастықтарының бірі болып табылады.

-Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және инвестициялық климатты жақсарту үшін Халықаралық еңбек ұйымымен өзара іс-қимыл жасай отырып, еңбек саласында Ұлттық саясат пен заңнаманы үйлестіру маңызды. Біз ХЕҰ-ның Ұлттық әлеуметтік әріптестік жүйесін нығайтудағы қолдауын жоғары бағалаймыз және ынтымақтастықтың жалғасуына үміттенеміз, - деп түйіндеді Ә.Қуантыров.

ЕжХӘҚ бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов атап өткендей, бүгінгі күні «Сенімді еңбекті ілгерілету жөніндегі жол картасын» бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.
ХЕҰ Жол картасы шеңберінде келесі негізгі жұмыс бағыттарын ұсынды:
  • Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінде еңбек пен денсаулықты қорғау және еңбек инспекциясын ұйымдастыру;
  • «Әлеуметтік қамтамасыз етудің ең төменгі нормалары туралы» ХЕҰ № 102 конвенциясы бойынша техникалық қолдау көрсету;
  • «Дамыған елдерге ерекше назар аудара отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» ХЕҰ-ның № 131 конвенциясы бойынша техникалық қолдау көрсету;
  • ХЕҰ № 87 конвенциясына сәйкес қауымдастықтар бостандығын қамтамасыз ету бойынша күш-жігерді тереңдету
Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 532 кәсіподақ органы еңбекшілердің құқықтарын іске асырады, оның ішінде 3 республикалық, 60 салалық, 24 аумақтық және 445 жергілікті болып табылады. Бұл ретте биыл Бас келісімге қол қойылды, сонымен қатар әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу саласында 23 салалық, 20 облыстық және 200-ден астам аудандық және қалалық келісімдер, 167 мың ұжымдық шарт бар.

Бүгінгі таңда 8 мыңға жуық кәсіпорын еңбек тәуекелдерінің электронды картасына енгізілген және ай сайын еңбек, әлеуметтік немесе экономикалық тәуекелдерінің жоғары әлеуеті бар кәсіпорындар тізімі жасалады.

KAZENERGY-дің атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина ХЕҰ-ның кейбір ұсынымдары мұқият талқылауды қажет ететінін атап өтті. Мысалы, жұмысшылардың бірнеше өкілді органдары болған және олар біртұтас өкілді орган құрудан бас тартқан жағдайда олардың әрқайсысы жұмыс берушімен жеке келісуі ұсынылады.

-Біздің ойымызша, бұл тәсіл еңбек дауын шешу жұмысын тоқтатады және тараптардың мүдделерінің қақтығысын ушықтырады, - деді ол.

ХЕҰ мамандары ұжымдық дауларды шешуге бағытталған реформалар бойынша бағалау мен ұсыныстар дайындағанын хабарлады.

Қазақстан ХЕҰ-ның 25 конвенциясын толық көлемде ратификациялады. KAZENERGY Сенімді еңбекті ілгерілетудің жол картасын әзірлеуде және оны одан әрі жүзеге асыруда ынтымақтастық жасасуға дайын екенін білдірді.

  photo_5278553590794935593_y.jpg

photo_5278553590794935594_y.jpg

photo_5278553590794935595_y.jpg

photo_5278553590794935596_y.jpg

photo_5278553590794935597_y.jpg

photo_5278675267218431214_y.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.