|
23.02.2012 15:42 |
|
21 ақпан күні Астанада Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен өткен KAZENERGY қауымдастығы Кеңесінің 12-отырысында KAZENERGY-дің бас директоры Жанболат Сәрсенов, алдағы уақытта өтетін KAZENERGY VII Еуразиялық форумының тақырыбын атады.
Форумның тақырыбы - «Өзгерістер торабындағы әлем - тұрақты энергетикалық болашақты қалыптастыру». Д.Сәрсенов сонымен қатар, 2012 жылдың қазан айында Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесі атқарушы комитетінің отырысы өтетіндігін хабарлады.
Қауымдастық Кеңесінде сондай-ақ, KAZENERGY Үйлестіру кеңестерін қайта құру туралы шешім қабылданды.
«KAZENERGY» қауымдастығы 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды. Қазіргі күні Қауымдастықтың мүшелері мен серіктестерінің саны - 58. Қауымдастық Кеңесі Қауымдастық төрағасы басқаратын консультативтік орган.
АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат
|