
Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы көтерілді
| размер шрифта: Aa | Aa |
| 21.02.2012 09:40 | |||
|
Әлемнің басты мұнай биржаларында дүйсенбідеөткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent маркалы мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $120,05 (+0,47)/барр. ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $119,8 - $121,15 аралығында құбылып тұрды. АҚШ-та ұлттық мерекеге байланысты сауда өткен жоқ. Алматы. 21 ақпан. ҚазТАГ
|


