КВН ойындары өтті

размер шрифта: Aa | Aa
11.05.2010 22:59
«KAZENERGY» қауымдастығының демеушілігімен мамырдың 6-шы жұлдызында Қызылорда қаласының Н. Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Қызылорда облыстық Жоғарғы КВН лигасының финалдық сайыстары өтті.
kvn.jpg
Ақтық мәреге 8 команда шығып, бас жүлдені сарапқа салды. Сайыс үш конкурстан тұрды: Сәлемдесу, Биатлон, және Әуенді үй.
Жарыс қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы турнирдің жеңімпазы деп «Арал АС» командасын атады. 2-ші орын – «Тұңғыш Астана» командасына, ал 3-ші орын «Сыр жігіттері» командасына бұйырды.
 Қазір Қазақстан бойынша 200-ге жуық студенттік, 500-ден астам оқушылар құрамалары қазақ тілінде КВН ойнайды.
PDFПечатьE-mail
 

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить