top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY Ханымдар энергетикалық клубы «Цифрлық тәлімгерлік» жобасын назарларыңызға ұсынады

Жобаның басты идеясы – мұнай-газ және энергетика саласының жас мамандарының кәсіби және тұлғалық дамуына үлес қосу.

Жобаға қатысуға төмендегілер шақырылады:
  • тәлімгерлер – жауапкершілік деңгейі өте жоғары, білімімен және тәжірибесімен бөлісе алатын, қамқорлығына алынған мамандарға жеке қызығушылық танытатын мұнай-газ немесе энергетика саласында ең кемі 10 жыл тәжірибесі бар мамандар;
  • қамқорлыққа алынған мамандар – нәтижеге жұмылдырылған әрі білім алуға даяр, 18 бен 30 жас аралығындағы мұнай-газ немесе энергетика саласының жас мамандары.

Қатысуға өтінімдер https://wec.kazenergy.com/ сайтта қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
тәлімгер дәрежесінде - 20 сәуірден бастап 20 мамырға дейін;
қамқорлыққа алынған маман дәрежесінде - 25 мамырдан бастап 21 маусымға дейін.

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.