top
top
Жаңалықтар

«Биржалық ойындар» биржалық саудада саланың қандай проблемаларға кезігетінін көрсетеді – Данияр Әбілғазин

Қазақстанда 2019 жылдан бастап қазақстандық МӨЗ-дерде өндірілген мұнай өнімдерін ішкі нарық үшін тауар биржалары арқылы сату жоспарланған. Негізгі идея – отынды бөлу процесін ашық ету және бұл процеске мемлекеттің қатысуын барынша азайту.

«Атамекен» ҰКП Президиумының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы Данияр Әбілғазин биржалық саудаға нарықтың қарсы емес екендігін атап өтті. Бірақ заңнамадағы қайшылықтарды жою керек және биржа алңдарын таңдауға байыптырақ қарау қажет.

ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, 18 тауар биржасы – сауда-саттықты тиімді ұйымдастыру үшін өте көп. Сонымен қатар салалық мемлкетік орган сауда-саттыққа жіберілген биржаларға қойылатын біліктілік талаптарының қатаң болуын талап етіп отыр.

«Біз Сауда министрлігімен биржаларды іріктеу өткізудің қажеттігі туралы сөйлесудеміз, өйткені олардың сенімділігіне сауда-саттыққа қатысушылардың көздері жетуі тиіс. Бейінді министрлік ретінде біз биржаларды таңдау комиссиясы үшін нормаларды өзіміз бекітуге әзірміз, алайда келіспеушіліктер бар. Қағидаларды ҚР СИМ бекітуі тиіс, ал биржалық сауда жаңа агенттікке (ҚР БҚДА) қарайды, - деді Комитет отырысының барысына Әсет Мағауов.

Мемлекет Басшысының 01.09.2020ж. жолдауын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарымен биржада саудалауға арналған мұнай өнімдерінің тізбесі кеңейтілді. Бұл ретте «Тауар биржалары туралы» ҚР Заңына сәйкес биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген өнімдерді тауарлық биржадан тысқары өткізудің күші жоқ болып таныла алады.

«Бұл заңнамадағы қайшылық, оны да мүдделі мемлекеттік органдармен қарау қажет», - деп атап өтті ҚР энергетика вице-министрі.
Данияр Әбілғазин бағаларды орнықтыру және биржаға ойыншыларды тарту үшін бағаларды қалыптастырудың жақсы экономикалық құралы қажеттігін, онда шығындардың барлығы – өндіру, шикізатты зауытқа жеткізу, өндіріс, мұнай өнімдерін базаларға және одан әрі қарай бөлшек саудаға жеткізу шығындары ескерілуі тиістігін баса көрсетті.

«Нәтижелерді көріп, олардың негізінде заңнамалық базаны пысықтау үшін, қандай олқылықтардың бар екендігін көру үшін «биржалық ойындарды» жылдың аяғына дейін өткізу қажет. Біз биржалық сауда деңгейін 10-15%-ға дейін жеткізуіміз қажет, олай болмаған жағдайда біз объективті баға индикаторларына жетпейміз», - деп түсініктеме берді Дания Әбілғазин.

Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің отырысы барысында ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясының жобасы мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, мұнай-газ және металлургия салаларын тиісті заң жобасының Экологиялық кодекстің жобасынан бөлек қаралатындығы алаңдатуда.

«Кодексті осы жылдың аяғында қабылдау жоспарланып отыр, ЕҮҚТ-ны ендіру үшін бізде 5 жылдық өтпелі кезең болады. Алайда кеесі жылдың басынан бастап-ақ ілеспе заң жобасына түзетулерді талқылау басталғанын қалар едік, өйткені салалар өзгрістерге дайын болулары тиіс», - деді KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Болат Ақшолақов.

«Атамекен» ҰКП Басқармасы Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт ҰКП ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің атына ҰКП салалық Комитетерінің және қауымдастықтардың позициялары көрсетілген хат дайындап қойғанын атап өтті. Таяудағы уақытта экологиялық заңнамаға енгізілетін, бизнеске әсері елеулі түзетулерді талқылаудың кестесі келісілетін болады.
Сонымен қатар отырыс барысында мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің бақылау-есепке алу аспаптарын (БЕА) қолдануымен байланысты проблемалар егжей-тегжейлі қаралды.

«Қазір БЕА операторы «ҰАТ» АҚ белгіленді және бізде проблемалар туындай бастады. Жүйеге берілетін деректерді біздің іс жүзіндегі көрсеткіштерімізбен салыстырып тексеру қажет болған мезетте, ҰАТ әр БЕА үшін 4 150 теңге ай сайынғы абоненттік төлемімен БЕА-ға қызмет көрсету туралы шарт жасасу қажеттігіне сілтейді. Ал кәсіпкерлерге деректердің МКК базасында жоқтығы үшін немесе олардың уақтылы емес түскендігі үшін айыппұл салынады. Әрбір АЖҚС үшін 3 - 8 БЕА белгіленгендігін, ал елдегі АЖҚС саны 3 300-ден асатынын назарға ала отырып, тиісінше, жыл сайынғы абоненттік төлем мөлшері 1 млрд. теңгеге жуық сома құрайтынын есептеп шықтық. Мәселен, тек біздің компаниямыз бойынша ғана абоненттік төлемнің мөлшері жылына 100 млн. теңгеден асады. Ақыр соңында бұл түпкілікті тұтынушы үшін өнім құнында теріс көрініс табуы мүмкін», - деді «PetroRetail» ЖШС бас директоры Төлеміс Шотанов.

Сонымен қатар кәсіпкерлер БЕА-ның дұрыс нәтиже бермейтінін атайды, өйткені технологиялық ерекшеліктердің барлығы ескерілмейді де, көрсеткіштердегі қателік өте жоғары болады. Интернет әлсіз өңірлерде деректерді жүйеге беруде проблемелар болады.
Түйіндей келе, Данияр Әбілғазин бұл мәселені нарық өкілдерінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен «ҰАТ» АҚ өкілдерінің қатысуымен Ұлттық палата алаңында нақтылап талқылауды ұйымдастыру қажеттігін баса айтты.

«Уақыт өтіп жатыр, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заң талаптарына сәйкес 2021 жылдан бастап-ақ БЕА-ға толық көшу жүзеге асырылған болуы тиіс. Таяудағы екі аптаның ішінде кездесу өткізіп, даулы мәселелерді шешуге тырысайық», - де аяқтады сөзін Данияр Әбілазин.

PHOTO-2020-10-21-13-20-52.jpg

PHOTO-2020-10-21-13-20-51.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.