top
top
Жаңалықтар

Бүгін, 2020 жылғы 21 қазанда, екі күндік VII Жыл сайынғы Каспий техниалық SPE конференциясы ашылады, ол алғаш рет онлайн форматта өткізіледі.

Іс-шараның ашылуында
Мағзұм Мырзағалиев, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Жақып Марабаев, KMG Басқармасы Төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары;
Ұзақбай Қарабалин, KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары конференция қатысушыларын қошеметтеп сөз сөйледі.

Ағымдағы жылғы іс-шараның басты идеясы пандемия тудырған дағдарыс орын алған жауапты кезеңде инновациялардың нарыққа оң әсер ететін заманауи көздерін бірлесіп іздеу болып табылады. Жаңа формат тікелей эфирде баяндамашылармен сұрақ-жауап сессияларын, 1:1 талқылауларды және топтық виртуалдық бөлмелерді қоса, техникалық ақпаратты жеткізудің, ынтымақтастық саласында тәжірибе алмасудың бірқатар интерактивті мүмкіндіктерін ұсынады.

Конференцияға қатысып отырғандардың назарын аудара отырып, KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзақбай Сүлейменұлы ҚАРАБАЛИН дағдарыстың ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту, өңдеу технологияларын инновациялық дамыту жолымен энергетикалық ауысымның анағұрлым тезірек өтуіне ықпал етуге тиістігін ерекше атап өтті. KAZENERGY осы бағыттар бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.