top
top
Жаңалықтар

Әмірбек Аружан: KAZENERGY білім беру гранттары туралы ПІКІРЛЕР

Жастардың "ұлт болашағы" ретінде дамуы қоғам үшін ерекше құнды. Сондықтан өз өмірін еліміздің мұнай-газ және энергетика саласымен байланыстырғысы келетін ұл-қыздарға жан-жақты қолдау көрсету - KAZENERGY саясатының басым бағыттарының бірі болды.

Жыл сайын болашағынан үміт күттіретін озат студенттер мен бейінді оқу орындарының оқушыларына "KAZENERGY" қауымдастығының атаулы гранттары мен стипендиялары тағайындалады.

Жер қойнауын пайдаланушылар (NCOC N.V. және KPO B.V. компаниялары) бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге конкурстық іріктеу grant.kazenergy.com. платформасында 10 шілде мен 25 тамыз аралығында өткізіледі.

Конкурстық іріктеу туралы толық мәліметтермен, сондай-ақ қатысу шарттарымен KAZENERGY қауымдастығының сайтына (kazenergy.com – Қызметтер – Білім беру бағдарламасы – Жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен оқу (NCOC N.V., KPO B.V. компаниялары бөлетін қаражат есебінен берілетін білім гранттары) кіріп танысуға немесе 8 7172 79-49-75 телефонына, candidate@kazenergy.com электронды почтасына хабарласуға болады.

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.