top
top
Жаңалықтар

«KAZENERGY» журналы үздік дәстүрлерді жалғастыра отырып, саланың ең маңызды жаңалықтарын жариялап тұрады

А.ж. ақпан айында «KAZENERGY» журналының көптеген оқырмандары басылымның кезекті нөмірін екі форматта – баспа және электрондық форматта көреді. Баспаның бұл жаңа тәсілі оқырманға ыңғайлы түрде ақпаратқа барынша қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Коронавирус пандемиясы жағдайында «KAZENERGY» журналы өз позициясын сақтай алды. Бүгінгі таңда бұл Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы мұнай, газ және энергетика нарығындағы ең соңғы және өзекті оқиғаларды толық көлемде жария ететін ірі басылым.

80-нен астам ірі мұнай-газ және энергетика компаниялары мүшесі болып табылатын KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының имидждік басылымы 2008 жылдан бастап шығарылады.
Осы уақыт ішінде, мұнай-газ саласындағы ірі маңызды оқиғаларға арналған мамандандырылған шығарылымдарды есептемегенде, журналдың 100-ден астам нөмірі жарық көрді.

«KAZENERGY» журналы Қазақстанның да, шетелдің де мұнай-газ және энергетика саласын дамытуға маманданған. Онда мұнай-газ саласындағы, энергетика саласындағы және энергия тасымалдаушылар нарығындағы заманауи трендтер талданады, сондай-ақ оң шетелдік тәжірибе зерделенеді.

«Қауымдастық» айдарында тікелей «KAZENERGY» қызметіне арналған материалдар жарияланады. Атап айтқанда, Қауымдастық басшылығымен сұхбат, Қауымдастық Кеңесінің, ғылыми-техникалық кеңестің, Мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңестерінің отырыстары, адами капиталды дамыту, қаржы-экономикалық мәселелер, экология, әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық мәселелері бойынша, Әйелдер энергетикалық клубы, KAZENERGY Жастар комитеті және т. б.

Бұл ретте журналда тұрақты негізде Қауымдастық мүшелері мен серіктестерінің қызметіне, жаңа жобалары мен жетістіктеріне арналған мақалалар мен сұхбаттар шығады.

«Заңнама» айдарында қолданыстағы заңнамадағы жаңа өзгерістер мен түзетулер түсіндіріледі, бейіндік заң жобаларының, кодекс жобаларының маңыздылығы талқыланады, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері бағаланады.
Басылым беттерінде Қазақстан мен әлемдегі мұнай-газ және энергетика саласындағы басты және айтулы оқиғалар мен іс-шараларға арналған материалдар, атап айтқанда, KAZAKHSTAN ENERGY WEEK, Еуразиялық KAZENERGY форумы, Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум, KIOGE көрмесі, «ЭКСПО-2017» және т. б. іс-шаралар жарияланады.
Журналдың тақырыптық сан алуандығы ел өмірінің энергетика, экономика, саясат, әлеуметтік мәселелер, мәдениет, спорт және басқа да көптеген салаларын қамтиды.

Бұл ретте басылымның басты ерекшелігі саланың дамуын, жаңа трендтерді, тәуекелдер мен сын-тегеуріндерді болжамды бағалауды қамтитын талдамалық материалдар болып табылады.
Журналда Қазақстан мен әлемдегі жаңа технологияларға, инновацияларға, түрлі компаниялар мен кәсіпорындардың зерттеулері мен жетістіктеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ, журнал жасыл энергетика, таза технологиялар әзірлемелеріндегі жетістіктерді, кәсіпорындардағы экология, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін жариялайды.

Журнал беттерінде мұнай-газ және энергетика салаларындағы өзекті тақырыптар мен мәселелерді сараптамалық талқылауды қалыптастыра отырып, «KAZENERGY» - де әр түрлі саладағы сарапшылар, бейінді кәсіпорындардың басшылары өз мақалаларын үнемі жариялап отырады.
Журнал жаңалықтарымен толығырақ қауымдастықтың сайтынан таныса аласыз: https://kazenergy.com/ru/journal/
Редакцияның телефоны: (7172) 792524

Макет.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.