top
top
Жаңалықтар

Астанада Қазақстан-Венгрия Бизнес Форумы өтіп жатыр

Бүгін, 25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Венгрия бизнес форумы өтіп жатыр, оған қазақстандық ірі компаниялардың, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ Венгрия кәсіпорындарының 30-дан астам өкілдері қатысады.

Іс-шараны ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев және Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Михай Варга ашты, олар ұлттық экономикаларды қалпына келтірудің жоғары қарқыны аясында екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының елеулі әлеуетін атап өтті.

Форум аясында Венгрия делегациясының өкілдерімен екіжақты кездесулер өтіп, оған KAZENERGY қауымдастығының өкілдері қатысты. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-Венгрия Іскерлік кеңесінің тең төрағасы болып KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамбыл Сәрсенов сайланған.

Бизнес-форумның бірінші күнінің қорытындысы медициналық туризм, агроөнеркәсіптік кешен, ЖЭК, көлік логистикасы, қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі уағдаластықтар болды. "Астана" халықаралық қаржы орталығы алаңындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта АХҚО-да Венгрия Банкінің "EXIM" өкілдігі жұмыс істейді, басқа да Венгр қаржы-банк құрылымдарымен өзара іс-қимылды кеңейту жоспарланып отыр.

Венгрия экономикасы Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы ең дамыған экономикалардың бірі болып табылады. Еуропалық комиссияның болжамдары бойынша 2020 жылы 5%-ға құлдыраған соң елдің ЖІӨ 2021 жылы 6,3%-ды құрайды. Венгрия экономикасының жетекші салалары машина жасау, АӨК, металлургия, құрылыс материалдарын өндіру, фармацевтика, азық-түлік өндірісі, көлік және логистика, жеңіл және химия өнеркәсібі болып табылады.

248911746_6731572600201330_1577793609447949512_n.jpg
249095058_6731571936868063_2706105938982100361_n.jpg

249209436_6731581156867141_5848306120554240_n.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.