top
top
Жаңалықтар

26 қаңтарда онлайн форматта Дүниежүзілік мұнай кеңесі Атқарушы комитетінің ағымдағы жылғы 1-ші отырысы өтті

Осы ірі халықаралық ұйымда Қазақстанның ұлттық комитеті KAZENERGY Қауымдастығы атынан ұсынылған.

Кездесу барысында жақын арадағы кезеңге арналған ДМК дамыту жоспарлары, сондай-ақ алдағы іс-шараларға, оның ішінде 2022 жылдың күзінде Алматы қаласында өтетін ДМК 7-ші жастар форумына дайындық барысы талқыланды.

Дүниежүзілік мұнай кеңесі Атқару Комитеті бұған дейін 2021-2023 жылдарға арналған ДМК маркетингі жөніндегі вице-президент ретіндегі жұмыс мандатын ұзартқан Жамболат Сәрсенов бастаған форумды дайындау жөніндегі ұйымдастыру комитетін құруды қолдады, ол қатысушыларға еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі – Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) алаңындағы ДМК Жастар форумына дайындық барысы, форматы және қатысушылары туралы айтып берді.

Отырысқа қатысушылар алдағы реформаларды жан-жақты қолдай отырып, біздің еліміздегі экономикалық процестерге қызығушылық танытты. ДМК Атқарушы комитетінің мүшелері энергетикалық көшу жағдайында Қазақстанмен мұнай саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді. ДМК президенті Педро Мирас Саламанка отырысқа қатысушыларға, оның ішінде ДМК-ның барлық елдеріне Алматы қаласында Жастар форумы алаңында өтетін ДМК кеңесінің қорытынды отырысына қатысуды ұсынды.

ВНС.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.