top
top
Жаңалықтар

2 тамызда онлайн форматта "Атамекен"ҚР ҰКП Төралқасы мұнай-газ өнеркәсібі Комитетінің мұнай сервисін дамыту және жергілікті қамту жөніндегі кіші комитетінің бірінші отырысы өтті

Кіріспе сөз KAZENERGY қауымдастығының бас директоры, "Атамекен" ҚР ҰКП президиумының мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы Кенжебек Ибрашевке берілді. Өз сөзінде ол Кіші комитеттің жаңа төрағасын сайлау қажеттігін атап өтті. Жалпы дауыс беру арқылы "KAZSERVICE "Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы" ЗТБ бас директоры Жұмат Нияз төраға болып сайланды.

Отырыста Кіші комитеттің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары туралы Жұмат Нияздың ақпараты тыңдалды.

Сондай-ақ, іс-шарада "Атамекен" ҚР ҰКП базалық салаларының директоры Дінмұхамед Құдайбергенов сөз сөйлеп, мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнестің "белдеуін" құру және мұнай сервистік компаниялардың рөлі туралы айтып берді.

ПОДКОМИТЕТ.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.