top
top
Жаңалықтар

Шеврон: Қазақстанда өндірісті арттыру - бұл уақыт талабы

2023 жылғы 6-10 наурыз аралығында Хьюстон қаласында (АҚШ) CERA Week 2023 жаһандық энергетикалық форум іс-шарасы өтуде.
Chevron корпорациясының бас атқарушы директоры Майк Вирт ашылуына қатыса отырып, дүниежүзілік энергетика саласының көшбасшыларын Қазақстандағы корпорация қызметімен таныстырып өтті.

Атап айтқанда, М.Вирт Chevron Қазақстан Республикасы энергетика жүйесін дамытуда айтарлықтай үлес енгізетін ірі америкалық инвестор болып табылады.
Корпорацияның жақын арадағы жоспарында Қазақстанда көмірсутек өндірісін кеңейту, әсіресе, еуропалық нарықпен ынтымақтастықты кеңейтуді есепке ала отырып, бұл қазіргі заманғы геоэкономикалық шынайылық талаптарына сәйкес келеді.

М.Вирт ақпараты бойынша, Теңіз кен орнында болашақ кеңейтудің күрделі екі компонентті жобасы қазіргі уақытта белсенді салыну үстінде және 2023-2024 жылдары жоба инфрақұрылымы толық пайдалануға көшеді.

CERA Week 2023 форум жұмысына Қазақстан Республикасының делегация өкілдері қатысты, оның құрамында KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Кенжебек Ибрашев, мемлекеттік органдар және ұлттық энергетика компанияларының басшылары болды.

Форумның алғашқы күнінің іс-шаралары барысында басшы К.Ибрашев әлемдік ең ірі энергетика компанияларының, оның ішінде KAZENERGY қауымдастығы құрамына кіретін Chevron, ExxonMobil және Eni бірінші басшыларымен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ оларды 2023 жылғы қазан айында өтетін Kazakhstan Energy Week\XV Kazenergy Eurasian Forum-ға қатысуға шақырды.

Без-имени-1.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.