top
top
Жаңалықтар

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің 43-отырысы 2023 жылғы 16 наурызда өтті

Негізгі талқылау тақырыбы Премьер-Министр төрағалығымен өткен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің (ОКК) мұнай-газ саласы жөніндегі отырысының нәтижелері болды.
Мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі атқарушы директор Ф.Абытов АКК-да айтылған негізгі мәселелерді және Премьер-Министрдің барлық мүдделі мемлекеттік органдарға берген хаттамалық тапсырмаларды баян етті.
Премьер-Министр «KAZENERGY» қауымдастығының барлық ұсыныстарын қолдағаны жөнінде атап өткен жөн.

Сонымен қатар отырыста:
  1. «KAZENERGY» қауымдастығының 2022 жылы мұнай-газ саласында «Атамекен» ҰКП функцияларын орындауы жөніндегі есеп;
  2. «Атамекен» ҰКП президиумы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің хаттамалық тапсырмаларын орындау жөніндегі есеп;
  3. Жер қойнауын пайдаланушыларына салық салу және мұнай-газ саласы кәсіпорындарының қаржылық жағдайына көмірсутектерді өндіруге және өткізуге салық салу бойынша жеке мәселелердің ықпал етуін бағалау қажеттілігі туралы мәселелер;
  4. 2023 жылға Комитет жұмысы жоспарының жобасы қаралды.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы, «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры К.Ибрашев ОКК барлық хаттамалық тапсырмаларын, әсіресе, мұнай өндіруінің көрсеткіші төмендеп бара жатқан, ішкі нарыққа мұнай жеткізетін мұнай өндіру кәсіпорындарын, жетілген кен орындарын қолдау және салық салу бөлігіндегі тапсырмаларын іске асыру маңыздылығын атап көрсетті.
Отырыс қорытындысы бойынша Төраға нақты тапсырмалар беріп, 2023 жылға жұмыс кестесін бекітті.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.