top
top
Жаңалықтар

Белгібеков Ербұлан Төлегенұлы «KAZENERGY» Қауымдастығының Басқарушы директоры - Экологиялық реттеу департаментінің директоры болып тағайындалды

msg530479817-7545.jpg
 
Ербұлан Белгібеков 1988 жылы дүниеге келген

2010 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетін «Экология және қоршаған ортаны басқару» мамандығы және 2011 жылы «Қоршаған ортаны қорғау ғылымдары және саясат» мамандығы бойынша Орталық Еуропа университетін бітірді.

Еңбек жолын 2011 жылы Аграрлық сектордағы экономикалық саясаттың талдау орталығында аналитик болып бастады.

2011-2013 жылдары «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ сарапшысы болып жұмыс істеді.

2014-2015 жылдары Теңіз кен орнындағы «Теңізшевройл» ЖШС экологиялық жобаларды қолдау жөніндегі маман болды

2015-2017 жылдары Павлодар облысындағы Бозшакөл кен орнындағы «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС инженер-эколог болып қызмет атқарды

2017-2018 жылдары «Номад Эко» ЖШС аға инженері болып жұмыс істеді, қоршаған ортаны жобалау және реттеумен айналысты. Жүк Тасымалдау Маршрутының (CaTRo) әсерін зерттеу жобасы аясында Каспий теңізінде теңіз зерттеулерін жүргізу жобасын басқарды.

2018-2021 жылдары «Теңізшевройл» ЖШС (ККЖ-ҰЕҚБЖ) Болашақ Кеңейту Жобасы – Ұңғыма Сағасының Қысымын Басқару Жобасының экологиялық рұқсаттарын алу тобының бас маманы және жетекшісі болып жұмыс істеді.

2022-2023 жылдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас менеджер болды.

2021 жылдан 2024 жылға дейін қоршаған ортаны бақылау жабдықтары және тұрақты даму саласында кеңес беру саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысты.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.