Бүгін Астанада WPC Еnergy Қазақстан ұлттық комитетінің Төрағасы, KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев WPC Еnergy Вице-президенті Ли Лугуан бастаған WPC Еnergy Қытай ұлттық комитетінің делегациясымен кездесті.
Талқылауға WPC Energy Вице-президенті Жанболат Сәрсенов, KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Жандос Нұрмағанбетов қатысты.
Кездесуді аша отырып, Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан мұнай саласының 125 жылдығын мерекелеу аясындағы диалогтың ерекше маңыздылығын атап өтіп, кәсіби қоғамдастық әрқашан халықаралық өзара іс-қимылға, әсіресе WPC Energy беделді халықаралық ұйымының платформасы арқылы дайын екенін атап өтті.
Кездесуде WPC Energy жұмысын жаңғыртудың негізгі мәселелері, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай ұлттық комитеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.
2028 жылы Астанада өтетін WPC Energy 26-шы Конгресі қарсаңында өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Жанболат Сәрсенов Қазақстанның WPC Energy трансформациясы жөніндегі бастамаларын және ұйымның қызметін жандандыру жөніндегі ұсыныстарын қолдағаны үшін қытайлық тарапқа алғысын білдірді. Ол сондай-ақ Қазақстан ұлттық комитетінің 2030 жылы WPC Energy 27-ші Конгресін өткізуге Қытайдың өтінімін ілгерілетуге жан-жақты жәрдем көрсетуге дайындығын растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саланы дамыту мәселелеріндегі жалпы ұстанымдарды, жоғары техникалық білім беру сапасын арттыру бөлігінде жастар саясатын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін атап өтті.
Сондай-ақ тараптар Орталық Азияның жаңа елдерін WPC Energy қызметіне тарту, орнықты даму, технологиялық әріптестік және техникалық жоғары оқу орындарының студенттерімен алмасу бағдарламалары саласындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен күш-жігерді үйлестіру үшін осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізуге дайын екендігін білдірді.