top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

KAZENERGY қауымдастығының 20 жылдық мерейтойына орай елордада ұйымға мүше компаниялардың қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өтті. Мұнда Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласындағы 18 жетекші компанияның өкілдері қатысты.

ADD Table Tennis Center Astana алаңында өткен іс-шара спорттың, энергияның және корпоративтік ынтымақтың нағыз мерекесіне айналды. Турнир салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар корпоративтік мәдениетті нығайтуға және кәсіби ортада командалық рухты дамытуға ықпал етті.

Қатысушыларды құттықтап сөз сөйлеген KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов:
«Бұқаралық спортты дамыту және ұлт денсаулығын нығайту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басымдық беріп, үнемі назар аударып отырады. Жақында Мемлекет басшысы қол қойған жаңа спорт туралы заң – бұл маңызды саланы мемлекеттік қолдаудың жарқын дәлелі»,
- деп атап көрсетті.

Турнир ойындары іріктеу және финалдық кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде командалар дайындық деңгейлеріне байланысты үш топқа бөлініп, топтық раунд аясында әр команда төрт ойын өткізді. Ұйымдастырушылардың әділ ойын қағидаттарына, қатысушылар арасындағы өзара құрмет пен қолдауға ерекше назар аударуы турнирге қатысушылардың көңілінен шықты.

Іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп», KPI, «Қаражанбасмұнай», Petroretail, «Маңғыстаумұнайгаз», «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» сияқты алты мықты команда финалға шықты.

урнирдің қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының командасы жеңіске жетсе, күміс медальді KPI командасы жеңіп алды. 3-орынды «Қаражанбасмұнай» және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» командалары бөлісті. Жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Үздік ойыншылар Ақмат Сартманов (KAZENERGY), Сұлтангерей Тілегенов («Маңғыстаумұнайгаз»), Татьяна Кайрканова (Petroretail) «Жеңіске деген жігері үшін», «Ең үздік техника», «Қыздар арасындағы №1 теннисші» жеке аталымдары бойынша арнайы сыйлықтарға ие болды.

KAZENERGY қауымдастығы барлық қатысушыларға турнир барысында көрсеткен спорттық рухы мен ортақ құндылықтарға адалдығы үшін алғыс айтады. Осынау турнир спорттың әріптестер арасындағы өзара сыйластық пен құрметке ерекше ықпал ететінін айшықтап, сонымен қатар сала қызметкерлерінің тұрақты және табысты болашаққа қарай сенімді беталысының жарқын мысалы болды.


Изображение-WhatsApp-2025-04-19-в-19.00.36_9a9f51e7.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-19-в-19.00.38_58f54987.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-19-в-19.00.36_64b2286b.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-19-в-19.00.39_3c977c0a.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-19-в-19.00.39_ac92d1d4.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-19-в-19.00.40_98f59c63.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-19-в-19.00.41_2de521da.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-19-в-19.00.42_4c547d81.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-19-в-19.00.42_702d2552.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-19-в-19.00.39_530cdc84.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-19-в-19.00.42_3bb8f370.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.