top
top
Жаңалықтар

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АЛҒЫС

Мұнай-газ кешені жұмыскерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында KAZENERGY қауымдастығы саланың ардагерлерін ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Саланың дамуына қосқан ұзақ жылғы еңбегі мен елеулі үлесі үшін ардагерлерге Қауымдастықтың мерейтойлық медальдары мен естелік сыйлықтары табысталды. Марапатталғандар қатарында Ұзақбай Қарабалин, Зейнолла Алшымбаев, Төлеген Хасанов, Анатолий Тегісбаев, Бауыржан Амантүрлиев, Александр Черепанов және Алексей Пирогов сынды мұнай-газ саласының кеңінен танымал және беделді өкілдері бар.

Іс-шара барысында KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов ардагерлерге арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол аға буынның Қазақстанның энергетика саласын қалыптастыру мен дамытудағы баға жетпес үлесін атап өтті:

«Бүгін біз еліміздің мұнай-газ саласының негізін қалаған және дамытқан жандарды ұлықтап отырмыз. Сіздердің арқаларыңызда кәсіби дәстүрлер, сапа мен кәсібилік стандарттары қалыптасты. Бұл – біз мақтанышпен айта алатын құндылықтар. Сіздердің еңбектеріңіз – ортақ жетістігіміздің негізі. Біз сіздерден үйреніп, сіздер бастаған істі жалғастыра алғанымызға қуаныштымыз»,
– деді Болат Ақшолақов.

Ардагерлер атынан сөз сөйлеген Ұзақбай Қарабалин Қауымдастыққа аға буын еңбегін бағалап, құрмет көрсеткені үшін алғыс білдірді:

«Қауымдастық бастапқыда мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесу алаңы ретінде құрылған болатын. Бүгінде 20 жылдың ішінде ол мүше компаниялар үшін жан-жақты заңнамалық қолдау көрсететін ірі ұйымға айналды. Біз өз тәжірибемізді жас мамандарға жеткізіп, саланың одан әрі дамып келе жатқанын көргенімізге қуаныштымыз»,
– деді Ұзақбай Сүлейменұлы.

Тамаша көңіл-күймен өткен іс-шара – ұрпақтар сабақтастығының және еліміздің энергетика тарихына деген құрметтің белгісі болды.
KAZENERGY қауымдастығы алдағы уақытта да ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсетуді, сондай-ақ Қазақстанның энергетика секторының өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы байланысты нығайтуды жалғастыра бермек.

photo_2025-09-05_13-38-45.jpg

photo_2025-09-05_13-38-48.jpg

photo_2025-09-05_13-38-51.jpg

photo_2025-09-05_13-38-54.jpg

photo_2025-09-05_13-24-54.jpg

photo_2025-09-05_13-26-24.jpg

photo_2025-09-05_13-26-28.jpg

photo_2025-09-05_13-26-31.jpg

photo_2025-09-05_13-26-34.jpg

photo_2025-09-05_13-26-37.jpg

photo_2025-09-05_13-26-41.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.