Астанада KAZENERGY қауымдастығының серіктес компанияларының қызметкерлері кәсібилігі мен еліміздің мұнай-газ және энергетика саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов:
“Бізбен бірге 20 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан баршаңызға алғыс айтамын. Еңбектеріңізге сәттілік, жаңа жетістіктер мен барлық жоспарларыңыздың орындалуын тілеймін!”
Ұзақбай Қарабалин, «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары:
“Бұл – үлкен еңбек. Еңбектеріңіз жемісті, қажыр-қайраттарыңыз мол болсын. Наградаларыңыз көп болсын! Елімізде тыныштық, аспанымыз ашық болғай!”
Төлеген Хасанов, еңбек ардагері:
“Мұнайшылар мен мұнай саласының барлық мамандарын республикалық наградаларымен шын жүректен құттықтаймын! KAZENERGY мен ҚазМұнайГаз ұйымдарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын.”
KAZENERGY қауымдастығы серіктес компаниялардың қызметкерлеріне кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және еліміздің мұнай-газ және энергетика саласының дамуына қосқан көпжылдық үлестері үшін ризашылығын білдіреді.
