Жастар форумы

KAZENERGY XI Жастар форумы

«Жастар және заман талабы»

Мемлекет басшысы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.

Прогресс пен инновациялар қарқынды қадаммен алға жылжып жатқан заманда жас ұрпаққа қоршаған ортаға бейімделуге қиынға түседі... Жас ұрпақтың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін қандай шаралар қабылдау қажет? Жаңа технологиялар әлемінде өзін жоғалтпау үшін не істеу қажет?

Жастар үшін барынша талап етілетін өмірлік сценарийлер – оқу, әлем мен өз елін тану, білім деңгейін, оның ішінде практикада арттыру. Қорықпау. Пікірлестерін іздеу. Жаңалық ашушы болып, іздену және қателесуден қорықпау.

Форумның мақсаты – жастардың заман талабына жауап іздеудің тиімді жолдарын талқылауы, тәжірибе алмасуы, мүдделі тараптар арасында іскерлік түрде тілдесуі үшін алаң құру.

Форумда біз кімді көргіміз келеді? Белсенді өмірлік ұстанымы бар жастарды, қолында еліміздің болашағы бар жас көшбасшыларды көргісі келеді.

Сонымен қатар дискуссиялық панельдер мен басқа іс-шараларға Қазақстанның және шетелдің сала сарапшыларының қатысуы да жоспарланады.

Жастар форумы шеңберіндегі іс-шаралар әртүрлі тақырыптық алаңдарда өткізіледі.

XI Жастар форумы "Жастар және заман талабы"


Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылғы 24 қыркүйекте «Жастар және заман талабы» XI Жастар форумының шеңберінде ұйымдастырушылар Қазақстанның студенттері мен магистранттары үшін жаңа конкурстың басталуын жария етеді.

Форум қатысушылары конкурс кезеңдері және мұнай-газ саласының ең ірі компанияларының бірімен бірге өз болашақ кәсіптік тәжірибесін арттыру үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы алғаш болып білетін болады.

ДҚатысуға ниет білдіргендер www.kazenergyforum.com сайтында тіркелуден өту қажет.