top
top
Электр энергетикасы нарығы және қуаттылықтар
Қазіргі уақытта Қазақстанда екі деңгейлі электр энергиясы нарығы бар – электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы. 
Электр энергиясының көтерме сауда нарығының қолданыстағы моделі өзара байланысты, орталықтандырылмаған, орталықтандырылған электр энергиясы саудасының қолданыстағы нарықтарымен, жүйелік және көмекші қызметтер нарығымен, «нақты уақыт» режиміндегі теңгеруші нарықпен келісілген жүйелерге негізделген. 
Электр энергия нарығының субъектілері: 
  • өндіріс саласында – энергия өндіруші ұйымдар;
  • энегия беру және тарату саласында – Жүйелік оператор («KEGOC» АҚ), РЭК, басқа энергия беруші ұйымдар;
  • тұтынушылар (ірі, бөлшектелген);
  • энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
  • нарықтық оператор – «КОРЭМ» АҚ.
2015 жылғы мамырда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық жоспар – бес индустриалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам туралы мәлімдеді, осы жоспарға сәйкес «Бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу, РЭК ұлғайту қажеттілігі, электр энергетикада жаңа тарифтік саясат енгізу туралы шешім қабылданды.  
Саланы дамыту, инвестиция тарту үшін жағымды жағдай жасау мәселесін жүйелі шешу үшін 2015 жылы  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Осы Заң қабылданғаннан кейін пайдалану және тұтынушылдарды энергиямен сенімді жабдықтау бойынша талаптар күшейтілді, 2019 жылға дейінгі шектеулі тарифтер қарастырылды. Оған қоса, 2019 жылға дейін станцияларды реконструкциялау және қайта жарақтауды талап ететін инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға байланысты электр энергиясының жеке және есептік тарифтерін бекіту тәртібі сақталуда. Бұл шараларды отандық өндірістік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және сақтау мақсатында ҚР Үкіметі қабылдады. Сонымен қатар электр энергиясы нарығының жұмысын мониторингілеу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым – Нарық кеңесін және электр энергиясының орталықтандырылған импорты мен экспортын жүзеге асыратын заңды тұлға - Ұлттық операторды құру қарастырылып отыр. 
Қазақстанның электр энергетикасын тұрақты қаржыландыру, электр энергиясы нарығын ұйымдастыруға өзгерістер енгізу үшін жаңа көмекші қаржылай механизмдер әзірленіп жатыр. Атап айтқанда 2019 жылғы 1-қаңтардан бастап «шектеулі тарифтердің» орнына салаға Қуаттылық нарығы деп аталатын инвестиция тартатын жаңа механизм келеді. Өз кезегінде қуаттылық активтерінің иелері өз қарамағындағы нысандардың сенімділігіне және тиімділігін арттыруға инвестиция салуы қажет. 

Энергия өндіруші ұйымдардың тарифтері 2 құрамдас бөлікке бөлінеді:   электр энергиясы тарифі және электр қуаттылығының даярлығын қолдау тарифі. Электр энергиясының тарифтеріне айнымалы операциялық шығындар мен өтемпұлдар жатады. Электр қуаттылығының даярлығын қолдау тарифіне инвестициялық шығындар жатады. Барлық қолданыстағы станциялар үшін электр қуаттылығының даярлығын қолдау бойынша қызметтердің бір шектеулі тарифі белгіленеді, сонымен қатар әрбір электр өндіруші ұйымда жеке инвестициялық келісім жасау және тұтас қуаттылыққа, сол сияқты оның белгілі бір бөлігіне жеке тариф алу мүмкіндігі болады.  
Осы заңның нормалары ұзақ мерзімді инвестиция қайтару кепілдігін қамтамасыз етуге жағдай жасауға және электр энергиясы және қуаттылықтар нарығының жұмысының ашықтығын көтеруге бағытталған.  Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігінде энергия беруші ұйымдарды үлкейту бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  
Әр өңірдегі энергия беруші ұйымдардың басым көпшілігі электр желілеріне қызмет жасау бойынша шығындарды және үстеме шығындарды есепке алатын жүйе жоқ болғандықтан электр энергиясын беру бойынша қызметтер үшін электр энергиясын беру бойынша қызметтер үшін негізделмеген шығынға батып отыр, мұның өзі нәтижесінде тұтынушыларға теріс әсерін тигізеді.  
РЭК үлкейту энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттырады, өңірлерде соңғы тұтынушыларға электр энергиясын беру шығындарын азайтады.  
Қауымдастық ҚР Жер және Салық кодекстеріне электр энергетика нысандарына жер телімдерін белгілеу және энергия беруші ұйымдарды балансына электр желілерін қабылдаған кезде корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан босату тәртібі бөлігінде түзетулер енгізу мәселелерін енгізуді ұсынды.
Электр энергетикасындағы осындай және одан да маңызды мәселелер Энергетика саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыстары шеңберінде қауымдастық алаңында талқыланады.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.