top
top
Жаңалықтар

«KAZENERGY»  қауымдастығының ғылыми-техникалық кеңесінің «Қазақстан Республикасында геотермальды энергетиканы дамыту перспективалары және әлеуеті» тақырыбындағы 27-отырысы

Сарапшылар «KAZENERGY» ЗТБ Төрағасының орынбасары Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлының төрағалығымен KAZENERGY қауымдастығының алаңында 5 қазан күні өткен ғылыми-техникалық кеңес шеңберінде «Қазақстан Республикасында геотермальды энергетиканы дамыту перспективаларын және әлеуетін» талқылады. Отырысқа ҚР ЭМ, ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің, АШМ өкілдері, Дүниежүзілік банктің, Азия даму банкінің, ЕЭК, БҰҰ халықаралық сарапшылары және т.б. қатысты. Сонымен қатар Португалия және басқа елдердің өкілетті өкілі қатысты.

ЖЭК тағы бір түрі – геотермальды энергияның (топырақ, жер асты суларының, су айдындарының жылуы) әлеуеті толық зерттелмеген, оны жылумен қамтамасыз ету үшін де, электр энергияны өндіру үшін де пайдаланады. Қазақстанда өңірлік геологиялық зерттеулер жүргізу, көмірсутек шикізатына терең ұңғымаларды бұрғылау кезінде геотермальды су анықталды. Іздеу-бағалау жұмыстары елді мекендерді жылу-сумен қамтамасыз ету мақсаты үшін пайдалануы мүмкін жөнінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің климаттың өзгеруі жөніндегі департаментінің директоры Олжас Ағабеков сөз етті.

«Геотермальды энергетиканың қазіргі заманғы зерттеулері туралы» Исландиядан келген «Arctic Green Energy Corporation» компаниясының ғылыми зерттеулер және әзірлемелер жөніндегі аға кеңесшісі Палл Валдимарссон сөз етті. Ол ғимаратты жылытуды геотермальды көзге ауыстыру маңыздылығын атап өтіп, ғимаратты жылытудың жаһандық жылытуға әсер етумен байланысты ағымдағы жағдайды көрсетті. Соңында Қазақстанда негізгі мүмкіндіктері ғимараттарды жылыту болатындығын айтты, алайда электр энергияны ең ыстық геотермальды кен орындарынан Organic Rankine Cycle электр станцияларынан генерациялау мүмкіндігі бар екендігін де айтты. Arctic Green Energy және оның әріптестері Қытайда орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етудің геотермальды жүйелерін көп жылдар бойы пайдаланады.

ҚР-да ДБ өкілдігінің энергетика жөніндегі бас маманы Мицунори Мотохаши Жобаны дамытудың әрбір сатысындағы тәуекелдер мен шығындар, сондай-ақ Қазақстанда геотермальды әлеуетін дамытудағы ДБ жәрдемдесуі туралы айтты.

У.Ахмедсафин Мәлис Абсаметов атындағы гидрогеология және геоэкология институтының өкілдері «Геотремальды энергетикалы ресурстар және сирек элементтерді шығару» және «Оңтүстік Қазақстанда геотермальды энергия шығарудың геотермальды энергетикалық ресурстары» тақырыбындағы баяндамалар жасады. Термальды су маңызды пайдалы қазбалар болып табылады, шамалы шығындалу кезінде оларды энергетикалық ресурстарының тұрақты көздері, гидроминералды шикізат және бальнеологиялық су ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. ҚР-да геотермальды энергия көздерін зерттеу жөніндегі жол картасы жобасының әзірлемелерін «Green Academy» ҒБО өкілі Бахыт Есекина ұсынды. Баяндама су тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік және табиғи ресурстардың азаю проблемаларын шешу кезінде жер асты суларын кешенді игеру өзектілігіне арналады, олар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында 10 негізгі жаһандық бағыттарда көрсетілген.

Қауымдастық Төрағасының кеңесшісі Арман Сатимов ЭКСПО-2017 көрмесінде 12 ел павильоны геотермальды энергетика саласындағы жекелеген шешімдер мен табысты жобалрды көрсеткенін атап өтті, Дүниежүзілік Банк сарапшылары бастаған жұмысты ескере отырып, ұсынылған жол картасын жүзеге асыруды және 2018 жылғы желтоқсанға дейін жұмыс нәтижелерін күтуді, қазақстандық сарапшыларды, оның ішінде Халықаралық Жасыл Технологиялар орталығы, Гидрогеология және Жасыл Академия институты тарапынан өкілдерді қатыстыруды ұсынды.

материалы Научно-технического совета


IMG_1410_.jpg
IMG_1418_.jpg
IMG_1398_.jpg
IMG_1386_.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.