Мұнай-газ саласында Жаңа кәсіптер атласын әзірлеу бойынша онлайн-кеңес өткізу туралы

Мұнай-газ саласында Жаңа кәсіптер атласын әзірлеу бойынша онлайн-кеңес өткізу туралы
Ағымдағы жылғы 5 желтоқсанда сағат 16.00-де Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін Жаңа кәсіптер атласын әзірлеу жөнінде бейне конференция (бұдан әрі - БКБ) өтті.

БКБ жұмысына Қауымдастыққа мүше мұнай-газ компаниялар, шақырылған салалық кәсіпорындар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, мұнай-газ саласы үшін кадрлар даярлығын жүргізетін ЖОО (Қазақстан-Британ техникалық университеті, Сәтпаев атындағы университет, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті), техникалық және кәсіби білім ұйымдар (APEC PetroTechnic жоғары колледжі, Атырау политехникалық колледжі, Маңғыстау индустриалдық-техникалық колледжі, Жаңаөзен мұнай және газ колледжі), сала үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар қатысты.

Сонымен қатар «Алстронтелеком» ЖШС, «Қазақстан Мұнайшы-геологтар қоғамы» ҚБ, Назарбаев Университетінің Тау ісі және жер туралы ғылым мектебі атынан ғылыми-зерттеу ұйымдары қатысты. Барлығы БКБ-ға 30-дан астам ұйымнан келген 160-тан астам адам қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарының 39-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Жаңа кәсіптер және еңбек нарығында талап етілетін құзыреттіліктер атласы» жобасын жүзеге асыру бойынша жол картасын орындау үшін ұйымдастырылды.

БКБ өткізу мақсаты елімізде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмысқа шолу жасау, мұнай-газ саласының компанияларын салалық кәсіптер атласын әзірлеу бойынша міндеттер мен жоспарлар туралы хабардар ету және барлық мүдделі тараптарды белсенді қатысуға шақыру болып табылады.

Қазақстанда Жаңа кәсіптер атласын әзірлеуші Саясат Нұрбек қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар мұнай-газ саласында Атласты әзірлеуші сарапшылар пулын одан әрі қалыптастыру үшін онлайн-сауалнама жүргізуге ғана емес, сала кәсіптерін сараптама жүргізуге, кәсіптік стандарттар әзірлеуге, форсайт құзыреттіліктер әдіснамасын қолдануға, салалық кәсіптер атласын жаңартуға және салалық Атлас негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеуге де қатысты болды.
А.ж. 4 желтоқсанда Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің берген тапсырмасына байланысты Атласты дайындау бойынша іс-шаралар келесі жылдың сәуір айында аяқталуы тиіс, бірінші кезең – сала мамандарына арналған сауалнама 2019 жылғы желтоқсан айының соңында – 2020 жылғы қаңтар айының басында дайындалып, БКБ қатысушыларына жіберілетін болады.


фото-2-по-Атласу-профессий@.jpg

фото-по-Атласу-профессий-5@.jpg
Комментарий