top
top
KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының Орынбасары
КАРАБАЛИН
ҚАРАБАЛИН ҰЗАҚБАЙ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ

1947 жылғы 14 қазанда Атырау облысы Ембі ауданы Қосшағыл кентінде дүниеге келген. 

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары  
И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институты (1970) – Факультет: «Мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясы және кешенді механикаландыру», мамандығы – «тау-кен инженері».
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі  
  • И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтының аспирантурасы (1973 ж.); 
  • Техника ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Ұңғымаларды бұрғылау кезінде топырақ жыныстарының тұрақтылығын сақтау үшін адгезионды кольматантпен минералданған ерітінділерді әзірлеу» (Уфа мұнай институты, 1985 ж.); 
  • «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» кафедрасы бойынша академиялық профессор (Атырау мұнай және газ институты, 2001 ж.);
  • Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры (2004 ж.); - Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша академигі (2004 ж.);
  •   Техника ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Бұрғылау жұмыстарының қауіпсіздігін арттырудың теориялық негіздері және теңіз мұнайгаз кен орындарын игерудің табиғат қорғау технологияларын әзірлеу» (2010 ж.).

Еңбек қызметі  
  • 1973 - 1974 жылдар - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының (Атырау облысы) Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының бұрғылау жөніндегі инженер-технологы; 
  • 1974 - 1981 жылдар - Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтының бұрғылау технологиясы, жуу сұйықтары зертханаларының меңгерушісі (Атырау облысы);
  • 1981 - 1988 жылдар - Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (Атырау облысы); 
  • 1988 - 1990 жылдар - «Прикаспийгеология» аумақтық бас басқармасының техникалық ілгерілеуді және терең бұрғылауды дамыту жөніндегі басқармасының бастығы (Орал қаласы); 
  • 1990 ж. - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі, (Атырау қ.);
  • 1991 - 1992 жылдар - Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің өнеркәсіп бөлімінің аға референті (Алматы қ.);
  • 1992 - 1994 жылдар - Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлігінің Мұнай және газ бас басқармасының бастығы (Алматы қ.);
  • 1994 - 07.1995 жылдар - Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары, (Алматы қ.);
  • 07.1995 - 11.1997 жылдар - «Agip» мұнай компаниясының тағылымдамашысы, Италия;
  • 11.1997 - 02.2000 жылдар - «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының» корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті, келешектік даму жөніндегі директоры, бірінші вице-президенті, (Алматы қ.);  08.1999 - 10.1999 жылдар - «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ президенті міндетін атқарушы; 
  • 02.2000 - 01.2001 жылдар - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ президенті (Астана қ.); 
  • 01.2001 - 03.2003 жылдар - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі (Астана қ.); 
  • 03.2003 - 29.05.2008 жылдар - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Президенті; 
  • 07.2008 ж. - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Президенті; 
  • 07.2008 - 11.2009 жылдар - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының міндетін атқарушы; 
  • 01.2010 - 07.2013 жылдар - «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ Бас директоры; 
  • 03.07.2013 - 06.08.2014, қайта тағайындалуы - 04.04.2014 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі; 
  • 13.08.2014 - 19.01.2016 жылдар - Министрдің бірінші орынбасары.

Өзге лауазымдары  
  • 2001 – 2002 жылдар - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; 
  • 05.2001 - 02.2002 жылдар - «Мұнай және газ көлігі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; 
  • 02.2002 - 03.2003 жылдар - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; 
  • 12.2006 жылдан бастап - «KazEnergy» қауымдастығының Қазақстандық қамту бойынша үйлестіру кеңесінің төрағасы; 
  • 12.2006 жылдан бастап - «ҚазРесГаз» ЖШС байқау кеңесінің мүшесі; 
  • 09.2007 - 11.2008 жылдар - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі; 
  • 28.11.2006 - 09.2008 жылдар - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; 
  • 2004-2009 жылдар - Қазақстан Республикасы Әуесқой бокс федерациясының президенті; 
  • 18.02.2016 жылдан бастап - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Директорлар кеңесінің мүшесі.

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атақтары  
  • Ордендер: 3-дәрежелі «Барыс» (2005 ж.), «Құрмет» (2000 ж.), «Ресей экономикасының көшбасшысы» (2005);  «КСРО қойнауын барлау үздігі» белгісі (1988 ж.);
  • Мерейтойлық медальдары: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.);
  • «Қазақстан Республикасының қойнауын құрметті барлаушы» атағы (2003 ж.);
  • «Қазақстан Республикасы спортының құрметті қайраткері» медалі (2007 ж.);
  • «Kazenergy» Еуразия энегетикалық форумының шеңберінде «Жыл адамы» атағы және «Алтын Прометей» сыйлығы (09.2009 ж.);
  • «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы (2011 ж.).

Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары  
  • 40-тан аса жарияланымдардың, мақалалардың, кітаптардың және 5 өнертабыстың авторы. 

Отбасы жағдайы   
Үйленген, екі баласы бар.



Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.