top
top
Жалпы жиналыс
Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы қауымдастықтың жоғарғы басқару органы болып табылады.

Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысының құзыретіне мыналар жатады:
  1. Қауымдастық Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау, енгізу;
  2. Қауымдастықтың жаңа мүшелерін қабылдау және мүшелерді Қауымдастықтан шығару туралы шешім қабылдау;
  3. мүшелікке кіру және жылдық мүшелік жарналардың мөлшерін анықтау;
  4. қауымдастық төрағасын сайлау және оның өкілеттігін тоқтату;
  5. Қауымдастық Кеңесінің, Атқарушы комитеттің және қауымдастықтың өзге де органдарының құзыретін, өкілеттіктерін қалыптастыру және тоқтату тәртібін айқындау;
  6. атқарушы органның қаржылық есептілігін ұсыну тәртібі мен кезеңділігін, сондай-ақ бақылау органының тексерулер жүргізу және олардың нәтижелерін бекіту тәртібін айқындау;
  7. қауымдастықтың жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  8. қауымдастықтың филиалдарын құру және өкілдіктерін ашу;
  9. басқа заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысу;
  10. қауымдастықты ерікті түрде қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім қабылдау;
  11. қауымдастықтың тарату балансын бекіту;
  12. Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысының хатшысын сайлау;
  13. тексеру комиссиясы мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және ол туралы ережені бекіту;
  14. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, қауымдастықтың Жарғысымен және ішкі құжаттарымен шешім қабылдау Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер.

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.