top
top
Жаңалықтар

Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия

2019 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа әлеуметтік әріптестіктің тараптары: ҚР Энергетика министрлігі атынан уәкілетті мемлекеттік орган; жұмыс берушілер, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «KAZENERGY» қауымдастығы; салалық кәсіподақтар атынан жұмыскерлер өкілдері: «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Химия, мұнай-химия және өндірістің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ қатысты.

Отырыста кадрлық ауыстыруларға байланысты ҚР Энергетика министрлігінің және жұмыс берушілердің атынан салалық комиссия мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізілді.

2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысы барысы туралы ақпарат тыңдалды. Жұмыс тобы Жұмыс жоспарына сәйкес өз жұмысын жалғастырады және ағымдағы жылдың соңына дейін Салалық комиссия отырысында қол қою үшін соңғы жобаны шығару жоспарлануда.

«ҚМГИ» АҚ мұнай-газ саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыс барысы туралы ақпарат мәліметке алынды және жұмыс Мұнай-газ саласында салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі график-жоспарына сәйкес жалғасатын болады, «Атамекен» ҰКП-да одан әрі бекіту үшін кәсіптік стандарттардың соңғы жобаларын Салалық комиссияның кезекті отырысында ұсынылады.

North Caspian Operating Company N.V. және Karachaganak Petroleum Operating B.V., «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері кәсіпорындарда еңбек қақтығыстарының алдын алу бойынша қабылданған шаралар және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша өткізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.

a4c86327-dc84-46a3-9479-92b049d65e99.jpg

3223f509-ca32-4dc6-9b13-95f959a2b2ae.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.